Атырауда «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде заң бұзған 25 иммигрант анықталды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасына пысқырмайтынын көрсетеді.
Жедел іс-шара барысында Өзбекстанның 24 азаматы және Ресейдің 1 азаматы елден шығарылды. Олар бұған дейін де тәртіп сақшыларына тұтылғандар, сол кезде сот шешімін орындамай, уақытылы елден кетпегендер. Профилактикалық шара 5 ақпанға дейін жүргізіледі.
Мақсаты – Республика аумағында жүрген шетелдіктерді бақылауда ұстау және Қазақстан заңнамасын бұзған жағдайда елден шығарып жіберу.