Автор: Сайт әкімшілігі

Қазақстанда «қызыл» аймақтан БҚО шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері қазір коронавирус бойынша «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарда қай өңірлер орналасқанын айтты. «Қызыл» аймақта әлі де Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.⠀

Read More

Үш мемлекет COVID-19 вакцинациясынан өткен паспорты бар туристерді қабылдауға дайын екендерін жариялады, тағы бірнеше елдер коронавирусқа қарсы вакцинацияланған саяхатшылардың кіру шарттарын талқылап жатыр, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ATOР басылымына сілтеме жасап. Хабарламада, егер саяхатшыларда ПТР сынағы теріс болса және олардың COVID-19 вакцинациясының екі кезеңінен өткенін растайтын куәлігі болса, Сейшел аралдары карантинсіз туристерді қабылдауға дайын. Исландия да коронавирусқа қарсы вакцинацияланған туристерді карантинсіз қабылдауға дайын. Алайда, вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мақұлдауы қажет. Туристер Румынияға тіпті қауіптілігі жоғары елдерден де бара алады, егер олар коронавирусқа қарсы вакцинация жасаған медициналық мекеме берген құжатты ұсынса, 14 күндік карантин енгізілмейді. Тағы бірнеше елдер туристерді теріс ПТР анықтамалары…

Read More

Бұл ҚР мәдениет қайраткері Құтмағамбет Қонысбай есімді азаматтың мақаласы екен. Мақала Қамшы порталында жарияланыпты. Кезінде «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған сұхбатын негізге ала отырып жазғанын баяндап кетіп, оның ел ішіндегі беделіне тоқталып өткен екен. Назарбаев пен Тоқаевтың сенімді серігі екенін де жазып кетуді ұмытпапты. Кейін саясатқа қайта оралу керектігін жазыпты. Келесі мақаланың екінші жартысының үзіндісінен келтірейік. «…Ең бастысы, еліміздің саяси билігінде, қалың халық пен зиялы қауым, жалынды жастар арасында Сізді құрметтейтін, мемлекеттік қызметке араласқаныңызды қалайтын азаматтар көпшілік екеніне күмән жоқ. Жоғарыда айтқанымдай, Сізден ел әлі күнге қызметке араласады деп үміт етіп отыр. Егер зейнеттемін, «аш құлақтан тыныш құлақ» деп отыра беретін болсаңыз,…

Read More

Көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай қайтыс болды, деп хабарлайды. Бұл туралы Egemen.kz   хабарлайды. Сарай Әнес Төлендіұлы 1937 жылы Ресейде, Астрахан облысы, Володарский ауданы, Кірмалай ауылында туған. ҚазҰУ-ды бітірген. «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған. Ол Батыс Алашорда тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш козғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. «Мұнаралар шақырады» (1969), «Бозқырау» (1973), «Қараша өткен соң» (1974) атты әңгіме-повестерінде, «Тосқауыл» (1976), «Алтын арал» (1984), «Еділ—Жайық» (1994) романдарында Астрахан—Атырау өңірі еңбеккерлерінің өмірін, тыныс-тіршілігін арқау еткен. «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Исатай мен Махамбет», «Қу тазша», «Тойтиып қалды», «Ару Алматы», «Мұңым менің», «Аңсау» пьесаларының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996).

Read More

Жаяу жүргіншілерді қағып кеткен көлікті 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жүргізген, ол қазір қамауда отыр  Алматы облысында 52 жастағы әйел мен сегіз жасар бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде көз жұмды, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол апаты Қарасай ауданындағы Сауыншы ауылының маңында болған. 52 жастағы әйел баламен бірге жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда оларды Toyota Camry Gracia қағып кеткен. Көлікті 23 жастағы Алматы тұрғыны жүргізген, қазір ол қамауда отыр. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.…

Read More

Қазақстандық жұлдызнамашының болжамынша, ақпан айында банк, қаржы жүйесінде өзгерістер болады. Астролог ақшаны доллармен сақтауға кеңес берді  Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова қыстың соңғы айына болжам жасады, деп хабарлайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Кейбір лидерлер саясаттан кетеді Әбдірайымованың болжамынша, ақпан айында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар өзгереді. «Әлеуметтік ахуал нашарлайды. Кейбір көшбасшылар саяси аренадан мүлде кетуі мүмкін. Көлік дәлізін қайта қарау мәселесі көтеріліп, оларға талас басталады. Табиғи апаттар, жарылыс, теракт, тау-кен, мұнай-газ, теміржол салаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында апат болуы мүмкін, революциялық оқиға және билік трансформациясы болжануда», — деді қазақстандық маман. Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс Сондай-ақ, осы айда банк, қаржы жүйесінде өзгерістер,…

Read More

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы төлеуді ұсынды.  Мәжілісте «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов заң жобасындағы жаңашылдықтарға тоқталды. Соның бірі – жаңа жәрдемақы енгізу. «Мүгедектіктің себебіне қарамастан І топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу көзделіп отыр. Осы жәрдемақымен күтім жасайтын қосымша 24 мыңнан астам адам қамтылады», – деді Шәпкенов. Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 коэффициенті шамасында, яғни 48 мың теңге. Айта кетсек, биыл базалық әлеуметтік төлемдерді…

Read More

Жаңаөзен қаласы мамандандырылған әкімшілік соты 1 ақпанда жергілікті белсенді Шолпан Өтекееваны «полицейге жала жапты» деп айыптап, 20 тәулікке қамады. Бұл туралы Azattyq радиосы хабарлайды. Сот қаулысына сай, Өтекеева Facebook парақшасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы Бөкен Жұмағали жайлы «Қарабет Бөкен Жұмағали» деген фотомен жазба «жариялағаны» үшін жазаланған. Сот бұл жазбаны «жала жабу» деп тапқан. Шағымды Бөкен Жұмағали түсірген. Бірақ сотқа түрткі болған жазбаны Өтекеева өзі жазбаған. Ол Facebook желісіндегі «Қарабеттер ҚАРА тізімі» парақшасындағы жазбаны өз парақшасында бөліскен. Белсендінің туыстарының айтуынша, Өтекееваны Ақтаудағы түрмеге алып кеткен. Жаңаөзендік белсенді Шолпан Өтекеева – 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен оқиғасында (мұнайшылар еңбек жағдайын жақсартуды талап…

Read More

Елорда ауруханалары вакцина тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш пен 82 жылу контейнерімен жабдықталды. Орталық коммуникациялар ұызметінде өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осылай деді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.  «Қалалық емханалар вакциналарды қоймадан екпе салдыратын мекемелерге тасымалдауға арналған 20 мұздатқыш және 82 жылуы тұрақты контейнермен қамтамасыз етілген. Бастапқы кезеңде вакциналау №2,4,6,9 қалалық емханаларда басталады. Бірінші кезеңде осы ақпан айында тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері, жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының және көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері вакцина алады. Одан әрі қарай мұғалімдер, полиция қызметкерлері, Қорғаныс министрлігі, ІІМ болып, кезең-кезең бойынша барлық халық қамтылады»,…

Read More