Атырау, Caspian Life. Пайдаланылуға дайын полиция бекеттері сенімгерлік басқаруға берілмек. Қос бекеттің уақытша иесі қалалық ТКШ бөлімінің 12 ақпан күні өткізетін электронды тендердің нәтижесінде белгілі болады. «Атырау-Доссор» және «Атырау-Индер» трассасындағы стационарлық полиция бекеттерінің жалпы аумағы 200 шаршы метрден асады. Онда шағын күрке, шолу алаңы, су құбыры мен қоса бейнебақылау жүйесі орнатылған. Тіпті, жарық сөне қалған жағдайда дизельді генераторды пайдаланатын мүмкіндік бар. Гүлхан ҒАЛЫМЖАНОВА,қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Бұл жерде халық айтқандай ешқандай сатылым, аукционға шығару, жекешелендіру сияқы мәселелер қалалық әкімдікте болған емес, болмайды да. Тек сенімгерлік басқаруға беру. Тендерге қатысу үшін тендерге қатысушы өзін растаушы ретінде кепілдік жарна төленеді. Атырау-Доссор…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау, Caspian Life. Атырау облысында 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік мамандар әзірлеген СПУТНИК V вакцинасы салына бастады. Бүгінге дейін өңірде аталған екпені 400 ден астам адам қабылдап үлгерген. Жалпы, облыстағы екпе жұмыстары үшін 1000 доза жеткізілген еді. Нина ОСПАНОВА, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы 2 апқаннан бастап бізде ауданда тұратын медицина мамандарына екпе салына бастады. Бүгінгі күні ауданға 270 доза жеткізілді. Бүгінгі күні 4 ауданда 4 мұздатқыш бар, 4 ауданда вакцина сақтау орындары дайын. Сонымен қатар, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға 30 доза вакцина жеткізілді. Мамандардың айтуы бойынша, екпеден бас тартқандар немесе вакцинациядан кейін…
Атырау, Caspian Life. Ақпаннан бастап «102» бағдарламасы іске қосылды. Онда тұрғындар «қызыл батырма» арқылы полицейлермен жедел байланыса алады. Мұндай жаңашылдықтың игілігін смартфонына арнайы бағдарлама орнатқан жандар ғана көре алады. Алтынбек ҚАЙЫРЛИЕВ, қалалық ПБ жедел басқару орталағының бастығы Бұл мобильді қосымшаның бір айрықшылығы – 102 арнасына хабарлама берген азаматтардың бейнежазба арқылы және аудиожазба арқылы хабарлама беруіне және қалдыруына мүмкіншілік береді.Алайда қандай да бір қылмысқа немесе қандай да бір құқықбұзушылыққа куә болған азамат мобильдік бейнетаспаға түсіріп6 немесе сол жерден бейнезвонок арқылы 102-ге хабарлама қалдыра алады. Қызыл батырманың тағы бір артықшылығы – қоңырау шалған азаматтың орналасқан жері картадан көрініп тұрады. Соның арқасында полицейлер…
Атыраулық тұрғынның үйінен киіктің заңсыз сақталған 106 мүйізі тәркіленді. Полицейлер Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында тұратын 34 жастағы азаматтың баспанасынан тіркелмеген тегіс ұңғылы 2 аңшылық қаруы да табылды. Тәртіп сақшылары тексеру барысында оның түнгі уақыттары мотокөлікпен «Қызыл кітапқа» енген жануарды қынадай қырып келгенінін анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339 бабы 3 бөлігі бойынша «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Малика Такежанова
Жардағы жазу жазаға соқтырды. 32 жастағы атыраулық әйелдің қабырғаға сурет салуға деген әуестігі оны үш жылға бас бостандығынан айыруы әбден мүмкін. Теріс пиғылмен тас біткенге тіл бітіремін деп, тұзаққа түскен келіншек еселі еңбегі үшін 25 мың теңгеден алып отырған. Кейін оның қолымен от көсеушілер ақшаның орнына көкнәр беріп, ортақ келісімге келіпті. Екі аптада 100 шақты жазба қалдырған Гаухар есірткіні амалсыздан алғанын айтады. Гаухар: 30 жазба үшін 25 мың теңге берді. Бірақ менің еңбекақымды көкнәрмен төледі. Бұған дейінде дәмін татып көргенім рас. Әрі барлық жұмысты істеп қойғасын алудан басқа амалым қалмады. Гаухар — бұл істегі басты күдіктілердің бірі. Оның сөзінше, төлемнің…
Күннің күрт жылынуына орай мұздың беріктігіне күмән көбейді. Әйтсе де Атыраулықтар қауіпсіздікке қатаң қарайтын сыңайы жоқ. Атырау облыстық төтенше жағдай департаменті мамандарының сөзінше, мұздың қалыңдығы 2-3 см — ге кеміген. Сол себептіде халықтың абай болғаны жөн дейді олар. Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы Сондай-ақ мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мұз үстіне шықпауға және де ата-аналар мысалы кішкентай балаларын мұзға ойнауға жібермеуге, жалғыз қалдырмауларын сұраймыз. Және де 2020 жылдың ішінде 7 адам суға кету фактілері орын алған болатын. 2021 жылдың осы күнге дейін ондай фактілер тіркелмеді.
Декретке шыққан әйелдің төтенше жағдай кезінде жалақы және әлеуметтік төлемді бір уақытта алғаны анықталған жағдайда 42 500 теңге көлеміндегі төлемді ерікті түрде қайтаруы қажет Әлеуметтік желіде декретке шыққан келіншектердің арыз-шағымы тарады. Олар төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгені алған, енді бір жасқа дейін бала күтіміне берілетін жәрдемақы төленбей жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Sputnik Қазақстан тілшісіне осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Айта кетейік, былтыр төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған адамдарға 42 500 теңгеден көмек берілген болатын. Ол ақша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен төленді. Бұдан бөлек, заң бойынша қордан еңбекке жарамсыз болып қалу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен босану,…
«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Caspian Life. «Өрлік ауылының мәселесі бойынша жол құрылысын биыл бастауды жоспарлап отырмыз. Қаржының мүмкіндігіне қарай биыл толық аяқтаймыз, немесе келесі жылға дейін созуымыз мүмкін» деп жауап берді аудан әкімі. Биыл Өрлік ауылында құрылысы біткен спорт кешені тұрғындардың қолданысына берілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар үшін демалыс орындары, саябақ, көшелерді жарықтандыру жобалары жүзеге асатынын мәлімдеді.
Қазіргі таңда аталмыш бағыттағы жұмыстарға 1486 адам тартылған. «Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Көктоғай, Елтай, Есбол, Ақтан және Қызылжар, Индербор кенті бойынша 70,4 шақырым автокөлік жолдары, 51,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1486 адам, оның ішінде жұмыссыздық есебінде тіркелгендерден 742 адам тартылды» деп атап өтті спикер Мейірім Қалауи. Еске сала кетелік, Индер ауданы бойынша барлығы 453,6 км автомобиль жолы бар. Оның 82 шақырымы республикалық маңызы бар «Атырау — Орал» тас жолы. Жалпы ұзындығы…
Атырау қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы қаулы шықты. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36,102,104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, Атырау қаласы аумағында қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтарындағы №1 қаулысымен басшылықа ала отырып Атырау…
