Ақпан айынан бері атыраулық 833 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. Басқармадағылардың айтуынша, спутник ВИ вакцинациясын қабылдау кезең- кезеңімен жүргізілуде. Бүгінде екпе алғандар өздерін жақсы сезінеді. Олардың арасында қызу немесе бас аурудың белгілері байқалмаған. Әлия БАҚТЫҒАЛИЕВА, учаскелік дәрігер Вакцина алғаннан кейін менің жағдайым өте жақсы. Біз 1 ақпан күні вакцинациялауды бастадық, 4 емханада ең бірінші болып мен өзім алдым. Өзімді жақсы сезінемін және де басқа адамдарға вакцина алуды ұсынамын. Өйткені корона вирустық вакцина ол біздің организімізде анти денелерді түзіп, вирусқа қарсы және оның асқынуын алдын алуға көмектеседі. Өңірде ковид-19 дертіне қарсы екпе салатын 24 пункт бар. Ресми мәліметтерге сүйенсек,…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда жеңіл жүрісті қыздарға пәтер жалдаған азаматша жазаланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық полиция депаратментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 102 операторына Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны жалдамалы пәтерді жалдаушылар түнгі тыныштықты бұзғаны туралы хабарлаған. «Атырау қаласындағы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:52-де жалдамалы пәтерді алған жеңіл жүрістегі қыздар адамдарды қабылдағанын анықтады. Мұнда Түркістан қаласының 2 азаматшасы жезһкшелікпен айналысқан. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 437-бабымен (Түнгі тыныштықты бұзу) хаттамалар толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Пәтерін жалға берген 48 жастағы пәтер иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450-бабымен (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе…
«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Исатай ауданының әкіміне ауданның онлайн есебінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында бірқатар тапсырма берді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Облыс әкімі ауданда шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау жұмыстарын жандандыру, инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты. «Отандық мал шаруашылығының табиғи өнімдерін өндіруге Исатай ауданының мүмкіндігі жетеді. Аудан тұрғындары, негізінен, мал шаруашылығына басымдық беруде. Сондықтан, жайылымдық жерлерді ұлғайту, каналдарға су көзінің жеткізілуін қамтамасыз ету, жемшөп мәселесі және мал ауруының алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру керек. Осы мақсатта аудан әкімі мен облыстық мемлекеттік органдарға бірлесіп, Исатай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заманауи жаңа…
Қазақстандағы тұрғын үйді жалдау құны әлемдегі ең төмен баға деп аталды. Еліміз 138 мемлекет үшін мәліметтер беретін рейтингте 107-ші орында тұр. Бұл туралы ORDA.KZ хабарлайды Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші орында. Тек Армения (92 орын, индекс – 10,36) және Ресей (100 орын, индекс – 9,77) жоғары. 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйдің жалдау құны шаршы метрі үшін 1600 теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3% қымбат. Қараша айымен салыстырғанда жайлы тұрғын үйді жалдау құны 1,2% -ға өсті.
Қазақстанның сыртқы қарызының 80% жеке ұйымдардың міндеттемелеріне түседі. Бұл туралы Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев мәлімдеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 160,9 млрд АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 90,7% -ын құрады. Оның ішінде жеке сектордың компанияаралық қарызы – 101,3 миллиард доллар (62,9%), квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 20,1 миллиард доллар (12,5%), ал мемлекеттік сыртқы қарыз – 13,2 миллиард доллар (8,2%). Халықаралық тәжірибеде сыртқы қарыздың параметрлерін талдау кезінде компанияаралық қарызды алып тастау әдетке айналған, өйткені ол ең аз қауіпті болып саналады. Ақыр соңында, аффилиирленген несие берушілер қарыз алушылардың табысты қызметін жалғастыруға мүдделі және бұл міндеттемелер…
2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес, кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған. Өңірлер арасында орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Атырау облысында: 377,4 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен жалпы алғанда 61,9 пайызға көп. Орташа айлық жалақысы жоғары аймақтар «үштігіне» сондай-ақ елорда (349,6 мың тг) және Маңғыстау облысы (337,7 мың тг) кірген. Ал төменгі жалақы Түркістан (166,7 мың тг), Жамбыл (168,8 мың тг) және Солтүстік…
Британ штамын жұқтырған америкалықтардың біріне 6-рет тест тапсырғаннан кейін ғана дұрыс диагноз қойған. Әйелінің айтуынша, Алабама штатында тұратын 35 жастағы Альфонсия Джексон көпшілік жүрген жерге бармауға тырысқан. Күнделікті тек үй мен жұмыс арасында қатынаған. Бұған қарамастан қаңтар айында оның жағдайы күрт нашарлай бастайды. Ер адамның тынысы тарылып, дене қызуы көтеріледі. WBMA-LD мәліметінше, Джексонға алдымен жасаған 5 тест оның коронавирус жұқтырмағанын көрсеткен. Тек алтыншы тестіден кейін ғана оның B.1.1.7 деп аталатын британ штамын жұқтырғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, ол тез таралады әрі көп жағдайда жұқтырған науқас көз жұмады. Джексон 22 қаңтар күні ауруханаға келіп түсті. Оған дәрігерлер ота жасағанымен, 2 ақпан күні…
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің портретін мемлекеттік ғимараттарға, жұмыс кабинеттеріне ілмеуге шақырды. Бұл туралы 8 ақпанда президенттің баспасөз хатшысы Галина Байтерек жеткізді. «Президент Садыр Жапаров қазір елдің жағдайын жақсарту үшін ештеңе істемедім деп есептейді. Сондықтан президент барлық мемлекеттік органдарға портретін ілмеуді сұрап жатыр. Портрет ілгісі келгендер Жусуп Абдрахманов, Исхак Раззаков сияқты елді нығайтуға қызмет еткен мемлекеттік қайраткерлердің суретін ілуге болады», – деді Байтерек. Қаңтар айының соңында президенттің Оштағы резиденциясының директоры Санжарбек Төлөнбаев Садыр Жапаровтың кілемге тоқылған суретін кабинетіне іліп алғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланған. Санжарбек Төлөнбаев кілем Жапаров абақтыда отырғанда тоқылғанын айтқан. Қырғызстанда былтыр 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесіне…
4 ақпанда Атырауда белсенді Макс Боқаев түрмеден босап шықты. 2016 жылғы жер митингісінен кейін 5 жылға сотталған белсендіні ондаған адам қарсы алды. Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Макс Боқаев билікті Конституциялық құрылтай шақыруға көндіру туралы айтты. «ЖАҒДАЙ НАШАРЛАЙ ТҮСТІ» Азаттық: Сіз Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезде түрмеге қамалып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұсында бостандыққа шықтыңыз. Осы уақыт аралығында жүйе өзгерді ме, қалай өзгерді? Макс Боқаев: Жаман жағына қарай өзгерді, жағдай одан сайын нашарлап кетті. Мысалы, мен қамауға алынған 2016 жылы Қазақстан азаматы мәслихат депутаттығына кандидат етіп өзін өзі ұсына алатын. Ал қазір өзін өзі ұсына алмайды. Осы бір мысалдан-ақ жағдайдың нашарлағанына көз жеткізуге болады. Бұрын мен Тоқаев жайлы білімді, Еуропада жұмыс…
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады Биыл кредит алған азаматтарды оңалту және несие бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен қаржы нарығын реттеу төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кездесуінде айтылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы мемлекет басшысына қаржы нарығының былтырғы даму қорытындылары және агенттіктің биылғы жұмысының негізгі басымдықтары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі реттеу шаралары қабылданды. Соның арқасында тұтынушылық кредиттің өсуі азайды. Биыл қарыз алушы жеке тұлғаларды оңалту және кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу тетіктері енгізіледі, қарызын қайтармайтын…
