Ақпан айынан бері атыраулық 833 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды. Басқармадағылардың айтуынша, спутник ВИ вакцинациясын қабылдау кезең- кезеңімен жүргізілуде. Бүгінде екпе алғандар өздерін жақсы сезінеді. Олардың арасында қызу немесе бас аурудың белгілері байқалмаған.
Әлия БАҚТЫҒАЛИЕВА, учаскелік дәрігер
Вакцина алғаннан кейін менің жағдайым өте жақсы. Біз 1 ақпан күні вакцинациялауды бастадық, 4 емханада ең бірінші болып мен өзім алдым. Өзімді жақсы сезінемін және де басқа адамдарға вакцина алуды ұсынамын. Өйткені корона вирустық вакцина ол біздің организімізде анти денелерді түзіп, вирусқа қарсы және оның асқынуын алдын алуға көмектеседі.
Өңірде ковид-19 дертіне қарсы екпе салатын 24 пункт бар. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 8 күннің ішінде 794 медбике вакциналанған. Ал олардың 237-сі – аудандық ауруханалар мен стационарлық мекемелердің қызметкерлері.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы
Вакцинация басталғаннан күнен бастап яғни 1 ақпаннан бүгінгі күнге дейін облыста 833 адам вакцина алды, әзірге ешқандай вакцина алғандардың арасынан жанама әсерлер немесе қауіпті денсаулыққа қәуіпті жағдайлар тіркелген жоқ. Керісінше қазір бізде қарапайым тұрғындардың арасынан шетелдік компанияда жүмыс істейтін жұмыскерлердің арасынан вакцина салдыруға деген қызығушылық одан әрі артуда.
Мамандардың сөзінше, ерікті түрде вакцинациялауға келіскен дәрігерлердің саны күннен күнге өсуде. Дегенмен жауапты мамандар екпенің
2-ші кезеңі қашан екенін дөп басып айта алмай отыр.