Автор: Сайт әкімшілігі

Қазақ пен өзбек арасын жаңа жол байланыстырмақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өзбекстан мен Ресейге қатынайтын жолдарды ақылы ету туралы бұйрықтардың жобасын жариялады. Бұл туралы Inbusiness.kz хабарлайды. Бірінші бұйрықта Шымкент-Ташкент арасын жалғап жатқан жолдың шекараға дейінгі 84 шақырымы ақылы болатыны көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, Өзбекстан шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (ҚР шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы) айналма жолдарының 719– 803 шақырымдар арасындағы учаскесі ақылы негізде пайдаланылады. Құжатта ақылы жолмен жүргісі келмегендерге балама нұсқа ұсынылатыны айтылған. Яғни, ақылы жолға ақша шығындағысы келмегендер Шымкент–Бадам–Маятас –Сұлтанрабат – Первомаевка – Жаңабазар – Сынтас – Қарабау –…

Read More

Қазақстандық әнші әлемдік шоу-бизнестің орталығында болуы керек екенін, сол себепті Америкаға кеткісі келетінін айтты  Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолын жетілдіру мақсатында АҚШ-қа көшетін болды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді. «MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар», — деп жазды Димаш Instagram парақшасында. Сұқбат барысында қазақстандық әнші Америкаға кеткісі келетінін айтты. «Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш…

Read More

Әлемдік нарықта қара алтын бағасы қымбаттады. Бұл – мұнай  экспорттаушы елдер ұйымының келіссөзінің жемісі. Нәтижесінде Лондондағы ІСЕ биржасында Вгеnt мұнайының баррелі 0,76 пайызға өсіп, 61,02 долларға жетті. Ал, WTI сұрыпты қара алтынның құны 58,2 долларға бағаланды. Әлемде вакцинациялау басталғаннан кейін сұраныстың артуы шикізаттың қымбаттауына себеп болды, дейді сарапшы.  Асылбек ДЖАКИЕВ, «Petrocouncil» мұнай-газ кеңесінің төрағасы   Бірінші себебі, жалпы ОПЕК-тің отырысы болды. Енді нақты шешімі мұнайдың әлемдік мұнайдың өндірісін түсіру керек. Енді екінші мәселе – вакцина мәселесі. АҚШ-ның сарапшылары айтып жатыр, жалпы мынау әлемдік нарық осы вакцинаға үмітпен қарайды. +01:00 Бәрімізге мәлім мынау мұнай-газ саласы негізгі эконмика саласы болып табылады. Біздің…

Read More

 Мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылатын мекемелерге нақты қолдау керек. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаева Үкіметке осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, жекеменшік орталық көбейгелі балабақша тапшылығы азайып, бюджет қаржысы үнемделген. Алайда мемлекеттік білім беру мекемелері мұғалімдерінің жалақысы соңғы жылдары бірнеше рет өссе де, жеке саладағы педагогтардың еңбекақысы сол күйі қалған. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін өздері бекітеді. Ал ол белгіленген орташа мөлшерден төмен. Салдарынан қызметкерлердің жалақысы өспейді.

Read More

Оның ішінде, 675 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың​ есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды​ Атырау​ облыстық​ коммуникациялар қызметі. «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты аясында 14 адам грант алып, кәсіптерін ашты. Қысқа мерзімдік​ қайта​ даярлау​ оқуларына​ 60 жұмыссыз оқуға жолданып, 16-сы жұмысқа орналасты.​ Бағдарламаның​ екінші бағыты бойынша 61 адам несие, 128 адам грант алып, кәсіптерін ашты» деп атап өтті спикер. Жалпы, Құрманғазы аудан бойынша​ ​ 2472​ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Еске сала кетелік, онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі…

Read More

Нәтижесінде 1000-нан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. ​ «Бұл туралы өткен жылы атқарылған жұмыстардың​ есебін берген Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты» деп хабарлайды​ Атырау​ облыстық​ коммуникациялар қызметі. «СевКаспий ФИШ» ЖШС 2 млрд. ​ инвестиция салу арқылы балық ​ қорын көбейту, бекіре тұқымдас және қара балықтарының 10 милионнан астам шабақтарын қолдан өсіріп, Қиғаш өзеніне қайта жіберуді жоспарлап отыр. Және ​ тоған шаруашылығын дамыту қолға алынады. Бұдан бөлек, балық, егін, мал және құс шаруашылықтарын ​ дамыту мақсатында​ Қиғаш өзенінде 243,55 километрді құрайтын жанама су айдындарын (каналдар) түптереңдету және 75 шақырымдық «Кобяково — Забурунье» суару – суландыру жүйесін қайта жаңғырту…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Абзал Меңдібаев тағайындалды. Абзал Меңдібайұлы 1977 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қайнар» Университетін және Қазақ ұлттық техникалық университетін халықаралық экономист, тау-кен инженері мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы мұнай және газ жөніндегі оператор болып бастаған. Мұнай газ саласында түрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. 2016 жылы «КазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Шағырлы-Шөмішті» филиалының директоры қызметін атқарған. 2020 жылдан осы күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымында болған.

Read More

Каспий теңізінің итбалығына қауіп төніп тұр. Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлайды.   Бүгін әлеуметтік желіде тараған бейнежазба табиғат қорғаушыларының наразылығын тудырды. «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс секторының жетекшісі Тимур Баймұқанов: «теңіз маржанының көбеюіне мұзжарғыш кемелер зиян келтіріп жатыр»,- деп дабыл қақты. Желіде желдей ескен бейнежазбада итбалық күшіктерінің жан-жаққа бытырай қашқанын анық көруге болады. Қаңтар айының екінші жартысынан қыс аяғына дейін итбалықтар көбейеді. Өздігінен қоректене алмайтындықтан, осы кезде оларға аса қомқорлық қажет болады. Ал, мұзжарғыш кемелердің кесірінен итбалық күшіктері аналарынан ажырап қалып жатады. Олардың көбейетін уақытында теңіз көліктері итбалық жатағынан айналып өтулері керек. Тимур Баймұқанов, «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс…

Read More

Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматтың 2 миллиард теңге қарызы кешірілді. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, – деп жазады Sputnik Қазақстан. Айта кетейік, салық рақымшылығын пайдаланғандардың қатары өткен жылға қарағанда биыл 300 мың азаматқа артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда едәуір өскен. Яғни, салық рақымшылығын өз пайдасына шешкендер қатары еліміз бойынша 70 пайызға жетіп отыр, – деп хабарлады Астана арнасы. Мемлекеттік кірістер комитеті аталмыш заң салық берешегі бар жеке тұлғалар үшін көмек ретінде енгізілгенін айтады. «Салықтың негізгі сомасын төлесе, өсімпұл кешіріледі. Яғни азаматтарға жеңілдік жасалып отыр. Екіншіден салық бойынша берешегін құтылады. Сонымен қатар бұл салыққа қатысты жағдайды жақсартады», –…

Read More

Атыраудағы жылы аялдамалар қаңғыбастардың паналайтын уақытша орнына айналған. Бүгінде олардың ішіндегі құрылғылар істеп тұрғанмен, қоғамдық орынға бас сұғу мүмкін емес. Себебі, қоқысқа толы қуықтай бөлмедегі  жағымсыз иіс қолқаны қабады. Тіпті, кейбірінің есігі шытынап та үлгерген. Ал тұрғындар бұл көрініске көз үйренгенін жасырмады. Жалпы, қазынаның қыруар қаржысына сатып алынған 19 жылы аялдаманың алтауы сенімгерлік басқаруға берілген. Олар таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін ашық болу қажет. Дегенмен іңір үйіріле салысымен  қаңғыбастар  бас сауғалайтын орынға айналып үлгерген. ТКШ бөлімінің мамандары аялдамалардың барлығына  күнделікті тексеріс жүргізілетінін айтады. Қандай да бір кемшіліктер байқаған жағдайда жауаптыларға ескерту жасалатын көрінеді. Нұрсұлтан СӘБИТОВ, ТКШ бөлімінің бас маманы Сенімгерлік…

Read More