Әлемдік нарықта қара алтын бағасы қымбаттады. Бұл – мұнай экспорттаушы елдер ұйымының келіссөзінің жемісі. Нәтижесінде Лондондағы ІСЕ биржасында Вгеnt мұнайының баррелі 0,76 пайызға өсіп, 61,02 долларға жетті. Ал, WTI сұрыпты қара алтынның құны 58,2 долларға бағаланды. Әлемде вакцинациялау басталғаннан кейін сұраныстың артуы шикізаттың қымбаттауына себеп болды, дейді сарапшы.
Асылбек ДЖАКИЕВ, «Petrocouncil» мұнай-газ кеңесінің төрағасы
Бірінші себебі, жалпы ОПЕК-тің отырысы болды. Енді нақты шешімі мұнайдың әлемдік мұнайдың өндірісін түсіру керек. Енді екінші мәселе – вакцина мәселесі. АҚШ-ның сарапшылары айтып жатыр, жалпы мынау әлемдік нарық осы вакцинаға үмітпен қарайды. +01:00 Бәрімізге мәлім мынау мұнай-газ саласы негізгі эконмика саласы болып табылады. Біздің басымдылықтарымыздың бірі болып табылады. Сондықтан үлкен әсер беріп жатыр. Яғни, көріп жатырмыз ТШО, НКОК секілді компания өздерінің өндірісін төмендетіп, бәрі қатты мұнай сервисінің нарығына әсер берген. Сондықтан негізгі 20,30 пайызға дейін бюджеттің қысқарғаны үлкен негативтік әсер берген. Бірақта, енді баға 58,60 доллар өте жақсы біздерге. Яғни қосымша қаражат, қосымша табыс алып келеді.
Сонымен қатар, мұнай бағасына Сауд Арабиясы ақпан және наурыз айларында бір күнде өндірілу керек мұнай көлемі 1 миллион баррельге қысқартылуы оң әсерін тигізді. Сарапшының пікірінше, пандемия кезінде шикізат нарығы шектеліп қалғандықтан, қазына түсетін пайда да азайып қалғанды. Бірақ, жыл басындағы өсім ел экономикасына оң әсерін тигізеті анық.