Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау мен Бейнеу аудандарында шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов пен Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Теміров қатысты. Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұловтың айтуынша, ауданда негізінен мал шаруашылығына басымдық берілген. Оның ішінде қой, түйе, жылқы өсіретін шаруашылықтар саны артқан. «Аудан көлемінде 463 шаруа қожалығы бар. Оның 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 427 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалықтарының басым көпшілігі отбасылық негізде құрылған. Аудан бойынша мал саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл мал басы өсті. Мәселен, аудан есебінде 11 мыңға…

Read More

Ол анасын жерлеуге қаражат болмағанын айтып отыр. Сондықтан денесін кілемге орап, пәтерде қалдырыпты.  Ресейдің Самара қаласының тұрғыны 16 ай бойы анасының мәйітін үйінде сақтады. Бұл туралы  «Россия Самара» телеарнасы хабарлайды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Марқұмның ұлы мүгедек екені белгілі болды. Ол анасы өткен жылдың 19 тамызында қайтыс болғанын айтты. Жерлеуге қаражат болмағандықтан, денесін кілемге орап, бөлмеде қалдырғанын жеткізді. 23 желтоқсан күні үйіне танысы келген. Ішімдік ішпек болған кезде ол болған жағдайды жасырмай айтқан. Танысы полицияға хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Read More

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Анар Жарова мемлекеттік қызметшілердің қандай жағдайда шетелдік банктерде есепшот аша алатынын түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Кеңесші биылғы 19 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда қамтылған кейбір новеллаларды түсіндірді. «Шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге тыйым салудан бастайық. Мұндай тыйым мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға енгізілген. Мұнда мемлекеттік қызметтің бірқатар шектеулер қабылдайтын қызметтің ерекше түрі екенін түсіну қажет. Аталған түзетулерді әзірлеу кезінде ел мен халықтың мүддесі үшін қызмет…

Read More

Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол өзінің instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. — Бұл жылды ең керемет жігіттің жұбайы болып аяқтаймын, — деп жазды спортшы қыз. Сабина парақшасына неке қию сәтінде түсірілген фотоны салған. Оқырмандары волейболшы қызға ақ тілегін жаудыруда. Жұбайының есімі — Саят Салманұлы. Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы да instagram желісінде некелерін қиғаны жайлы хабарлап, жастарға бақыт тіледі.

Read More

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елорданың оқушылары үшінші тоқсанда оффлайн оқитын пәндерді атады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуды жалғастырады. Cонымен қатар, III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Әрине, нақты шешім ең алдымен қаламыздағы эпдемиялогиялық жағдайға байланысты болады», — деді басқарма басшысы бүгінгі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша оффлайн өтетін сабақ кестесіне: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі…

Read More

Бішкекте танымал спортшы ақша бопсалап, кісіге қоқан-лоқы көрсеткені үшін ұсталды. Бұл туралы  zakon.kz  хабарлайды. Қырғыз Республикасы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, ол грек-рим күресінен ұлттық құраманың мүшесі болған. Екі ер адамды ұстау бойынша арнайы операция 23 желтоқсанда өтті. Спортшының этикалық кодексінің 5-бөлімі, 15-тармағы негізінде Қырғызстан Республикасының грек-рим күресінен ұлттық құрамасының мүшесі Роман Царев 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап Қырғыз Республикасының ұлттық құрамасының қатарынан шығарылды. Today.kg мәліметі бойынша, Роман Царев ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Қырғыз Ішкі істер министрлігі 23 желтоқсанда хабарланғандай, желтоқсанның басында 29 жастағы С.А.-ға қара BMW-535 көлігіндегі екі жігіт келіп, бірі өзін…

Read More

Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мереке күндері сауда, ойын-сауық орталықтары қандай тәртіпте жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері үшін жұмыс күндері қызмет ету режимі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал сенбі және мереке күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгіленді. Яғни, жексенбі күні олардың жұмысына тыйым салынады. Бұл нысандардың ішіндегі дәріханалар, азық түлік сататын мини-маркеттер, гипермаркеттер мен супермаркеттер жұмысын жалғастырады. Атап айтқанда мереке күндері сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істейтін болады», — деді Ж. Пірәлиева онлайн брифингіде. Бұдан бұрын хабарланғандай, елорданың бас санитарлық дәрігері қоғамдық көлік жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді.

Read More

Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 25 желтоқсандағы жағдай бойынша,  Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасқан. «Сары» аймақта — Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер «жасыл» аймақта. Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан «жасыл» аймақта болған еді. Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады. Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.

Read More

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің қатыгез әрекетін түсіндіріп, көптен кешірім сұрады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. Желіде аязды күні жалаңаш далада отырған қыз баланың суреті пайда болып, көптің талқысына түсті. Тексере келе, әйел адам баласын осылайша жазаламақшы болғаны белгілі болды. Ол бұл жайт өзіне сабақ болғанын айтып, өз ісіне өкінетінін жеткізді. — Қатты шаршап кеттім, ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы, жын қуғандай, тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше бар өшімді балалардан алдым. Бөтен біреулер балаларымды алып кеткенін қаламаймын. Мен қызымды суық далаға қуып шықтым, бұлай бәрі жалғаса беруі дұрыс емес екенін өзіме есіме салу үшін, — дейді ол.…

Read More

Алматыдағы Ішкі істер министрлігі академиясының асханасында 19 жастағы Саламат Өтегенов асылып қалған күйінде табылған болатын. Бұл туралы «Уральская неделя» жазды. Басылымға курсанттың қазасы туралы мақала шыққан соң, марқұм Саламат Өтегеновтің анасына басқа академиялардағы курсанттардың ата-анасы хабарласқан. Дереккөздің жазуынша, ата-аналар Саламат Өтегеновтің анасына басқа оқу орындарында ақша жинау, қысым көрсету фактілері бар екенін айтқан. Алматыда қайтыс болған курсанттың анасы Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, ұлының қазасы туралы ақпарат тараған соң, өзге ата-аналар WhatsApp арқылы хат жазған. Бірі – академияда ақша жинайтынын, екіншісі ұлына қысым көрсеткен соң ІІМ академиясынан кеткенін айтқан. «Уральская неделяның» жазуынша, қайтыс болған курсанттың анасына хат жазған ата-аналар аты-жөнін жариялағысы келмейді.

Read More