Атырау қаласында мұнай өнімдерімен ластанған бұрынғы «Ақжайық» жуу-булау станциясының аумағы тазартылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір станция аумағында арнайы техникамен тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолдары» АҚ өкілдері 1 наурызға дейін «Ақжайық» ЖБС аумағын мұнай өнімдерінен тазартып, ластанған топырақ пен қалдықтарды бетондалған бассейндерге жинап, кейін шығарады. Аталған мерзімге дейін станция аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс қадағаланатын болады» — дейді департамент басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.
Автор: Сайт әкімшілігі
Қазақстанда үкімет бекіткен тұжырымдама бойынша Наурыз он күн бойы тойланбақ. Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ашық НҚА» порталына «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын бекіту туралы » үкімет қаулысының жобасын әзірледі және орналастырды. Жобада Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10-24 наурыз аралығында 10 күн өткізу жоспарлануда. Тұжырымдаманы іске асырудың тетіктері келесідей болады: 14 наурыз – «Көрісу күні» 15 наурыз – «Жайлау күні» 16 наурыз – «Шежіре күні» 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» 18 наурыз – «Игі істер күні» 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні» 20 наурыз – «Зияткерлік күні» 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» 23…
АҚШ-тың Орегон штатында екі доза вакцина алған кем дегенде төрт адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Американың NBC медиа-компаниясы хабарлаған. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, адамдарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күннен кейін анықталған. Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен. Ал Францияның «Sanofi» фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін «Sanofi» вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған. Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға «AstraZeneca» вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады. Алдыңғы сынақтар оның…
Атырау облысында 150 қойымен бірге жоғалып кеткен егде жастағы адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Коронавируспен күресте Қазақстан Қытай вакцинасын да сатып алуы мүмкін. Қазір келіссөз жүргізіліп жатыр. Ал наурыз айының соңында қолданысқа шығуы тиіс отандық екпеге әлемнің ешбір елінен тапсырыс түспеген. Дегенмен мамандар шетелден бұрын, өз тұрғындарымызды вакцинамен қамтыған маңыздырақ деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы айтты. Жаннат Сатыбалдиева, ҚР ДСМ Халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі: – Қазақстан вакцинасына әзірге тапсырыс түспеген. Тіпті өз еліміздегі тұрғындардың басым көпшілігін егу мәселесі тұрғанда, шетелге сату жағы қисынсыз. Оның үстіне шетелдіктерден тапсырыс түсе қалса, өндіріс қуатын арттыру мәселесі туады. Әлемде Сovid-19-ға қарсы…
Алдын ала болжам бойынша, олардың бірі күзетші болып істеген, қалғандары иесіз цехтың металл конструкцияларын бұзумен айналысқан Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат опырылып құлады, үш адам қаза болды. Жазатайым оқиға туралы хабар ТЖД пультіне сенбі, 13 ақпан күндіз түскен. Еңбекші ауданында Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында қараусыз қалған ғимарат құлады, деп жазады «Отырар» басылымы. Бес қабатты ғимараттың 625 шаршы метр аумағында темір-бетон плиталарының жабындысы опырылды. Ғимарат қараусыз қалған, жалпы ауданы – екі мың шаршы метр. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы, кинологиялық есеп пен апаттар медицинасы орталығының бригадасы тартылды. Кинологтар үйінді астынан үш ер адамның (1967, 1992 және 1999…
Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті 2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда халық саны 18 миллион 877 мың 100 адам болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы. «2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 877,1 мың адамға жетті, оның ішінде қалалықтар – 11 миллион 149,7 мың (59,1%), ауылдықтар – 7 миллион 727,4 мың адам (40,9%)», — делінген хабарламада. Ресми сәйкес, өткен жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті. «2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында ең көп жалпы өсім елдің 3…
Бүгін, 13 ақпан қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат ететін жаңа заң күшіне енді Бүгіннен бастап қазақстандықтар өзімен бірге жүргізуші куәлігін алып жүрмесе де болады. Жаңа заңның талаптары бойынша тек жеке куәлікті ғана ұстауға рұқсат берілген. Полицейлер қалған құжатты ақпараттық база арқылы тексереді. Бұдан бөлек, кейбір жүргізушілер бұған дейінгі айыппұлдан босатылады. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan хабарлайды. 1. Жеке куәліктің фотосын көрсете салуға бола ма? — Бүгінде Қазақстанда цифрлық құжаттар қызметі жақсы дамыған. Алайда жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңнамаға сәйкес, әзірше осы санаттағы құжаттарға материалдық объектілер, яғни, қағаз үлгісіндегі құжаттар ғана жатады. Сондықтан жол полициясына жеке куәліктің фотосын…
Бүгін Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшамауданында орналасқан «Зейнеп – Әмина» балабақшасынан өрт шықты» деп хабарлайды Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Өрт туралы хабарлама сағат 15:46-да түскен. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде, балабақшаның төбе жабындысы толық жанып жатқан. Абырой болғанда, ғимарат ішіндегі 13 бүлдіршінді тәрбиешілер далаға шығарып үлгерген. «Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады. Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай жойылды. Өрт салдарынан балабақшаның төбе жабындысы (144 ш.м) толықтай жанып кетті. Жедел әрекет нәтижесінде, аталған балабақшадан шыққан өрттің қос қабатты үйге таралуына жол берілмеді» делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз-қызметі…
«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «2020 жылы жалпы ұзындығы 49,5 шақырымды құрайтын 77 көшеге автокөлік жолдары салынды. Оның ішінде Жаңаталап ауылындағы автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. 2021 жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 145 көшесіне автокөлік жолдарының құрылысы жоспарлануда. Және жол кептелісін болдырмау мақсатында 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары басталып, 2020 жылы жоспардағы 11 көшенің 5 көшесіне жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров көшелерінің автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары…
Дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылы 2,5 есеге, 561 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды. «Жаңа сын-қатерді ескере отырып, отандық денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен, заманауи жабдықпен, диагностика әрі емдеу әдістерімен қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылады. Дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылы 2,5 есеге, 561 мың теңгеге дейін өседі. Орта медициналық персоналдың жалақысы 201 мың теңгеге дейін артады», — деді А.Мамин. Оның айтуынша, барлық көздерден денсаулық сақтау саласын қаржыландыру ЖІӨ-ден 5 пайызға дейін көтеріледі. «2025 жылға дейін барлық өңірде 20 заманауи медициналық…

