Автор: Сайт әкімшілігі

Криттегі Ираклион ауруханасында 85 жастағы ер адам COVID-19 қарсы вакцина салған соң, араға 8 минут салып көз жұмды. ERT арнасының мәліметінше, қария вакцина салған соң қабылдау бөлмесінде отырған. Кенеттен араға сегіз минут салып ол жерге құлап түседі. Дәрігерлер көмегіне қарамастан ол көз жұмды. Алдын ала бағалау бойынша, оның өліміне вакцинаның, аллергиялық анафилактикалық шоктың қатысы жоқ. Дәрігерлер бар болғаны оның өлімінің вакциналау кезімен тұспа-түс келгенін айтады. Алайда өлімінің нақты себебін анықтау үшін дәрігерлер соттық-медициналық сараптама жүргізуді талап етті. 27 желтоқсаннан бері Грецияда вакциналау басталды. Қазір күн сайын 20 мың адамға вакцина салынып жатыр.

Read More

Қазақстан Ресейдің төрт аймағынан шошқа өнімдерін әкелуге және транзиттеуге уақытша шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ORDA. хабарлайды. Ресей Федерациясының Саратов облысы арқылы үш елдің және ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің гүлденген аумақтарынан шошқа өнімдерінің транзитіне бұрын қойылған шектеу де жойылды. Тыйым салу шарасы африкалық шошқа безгегі ауруының тіркелуіне байланысты күшіне енді. Тюмень, Челябі және Астрахан облыстарынан шошқа өнімдерін, тірі шошқаларды Қазақстанға жеткізуге тыйым салу күшінде қалады. Осы субъектілерде соңғы 36 айда ASF ошақтары тіркелмегенін атап өткен жөн. ЕАЭО заңнамасы, сондай-ақ халықаралық заңнамалар бұл жағдайда шектеу шараларын жоюды қарастырады. Сонымен қатар, Ресейдің бірқатар облыстарынан Қазақстанға мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілді. Онда құс тұмауы, Ньюкасл ауруы,…

Read More

Атыраулық кейуананың басына бұлт үйірілді. Оған баспанасынан айырылу қаупі туып отыр. Бұған себеп – бірнеше жыл бұрын бауырына көмектесу үшін алынған несие. Ұзын сөздің қысқасы, пәтерін кепілге қойып, банкке қарызданған зейнеткер соттан бір шыққан. Алғашқы 9 айда айқай‐шусыз төлем жасап келген жақыны кейін борышын төлеуді біржола доғарған көрінеді. Шолпан ДҮЙСЕНБАЕВА,Атырау қаласының тұрғыны  Үйді кепілдікке салдым. Сіңілім қайтты. Бірақ қайтарының алдында күйеуіне, балаларына айтылған. Мына үй апамның кепілдікке берген үйі , төленсін, апам далада қалмасын деп. Ал енді сол сіңілім қайтқаннан кейін қарсылық білдірді. Біз төлемейміз, біздің төлейтін жағдайымыз жоқ деген сияқты. Күні бүгінге дейін төленген жоқ. Қанша сотқа барсақ та…

Read More

Атырауда әуесқой балықшылар Жайық өзеніне қатқан мұз үстінде «Jerusalema» әуеніне биледі. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жайық өзенінің экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірген еді. Мемлекет басшысының бұл алаңдаушылығына Атыраудағы жергілікті белсенділер қолдау көрсетті. Соның бірі — Жандос Әлимағанбетов Жайық өзенінің суы ортайып, экологиялық апаттың алдында тұрғанына қатысты пікірін айтты. «Біз мұз үстінде «Jerusalema» әуеніне билеу арқылы Жайық өзеніне назар аударуды жөн көрдік. Мұз үстіндегі биге Атырау қаласының жанашыр тұрғындары, @caspian_fishermen_atyrau тобының балықшылары мен еріктілер қатысты. Осындай ерекше әдісті таңдап, батыс аймақтағы тұрғындардың тіршілік нәріне айналған өзенге деген жанашырлығымызды білдіруді көздедік» -дейді ол. Атыраулық жастар Жайық…

Read More

Атырау облысында есірткімен ұстаған полицейлерді құрықтау сәті түскен видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Құқық қорғау өкілдерін қылмыс үстінде ұстау туралы дүйсенбі күні  yyedilov Telegram – каналында айтылды. «Атырау облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері Данияр Қанатов пен Роман Аймағамбетовтың есірткі заттарымен ұсталуы» , – деген видео жарияланды.

Read More

«Отбасы банк» АҚ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 1 490 800 салымшысы мемлекеттен жалпы сомасы 50 млрд теңгеден астам сыйлықақыға қол жеткізді. Бұл туралы  BAQ.KZ хабарлайды. 111 120 теңге көлеміндегі ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақыны банктің 317 756 клиенті алды. Бұл салымшылар 2020 жылы шоттарына кемінде 555 600 теңге, яғни 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинаған. Депозитіне одан да жоғары қаражат сомасын аударған клиенттер сыйлықақы төленбеген жинақ сомасы бойынша 20 пайыздық мемлекеттік бонусты 2021 жылдың нәтижесі бойынша алады. «Отбасы банк» – салымшылары мемлекеттік сыйлықақы алатын Қазақстандағы жалғыз банк. Жыл сайын бұл сыйлықақының көлемі артып келеді. Мысалы банк жұмысын бастаған алғашқы жылы оның көлемі 10 464…

Read More

Жергілікті халық Жайықтың тағдырына алаңдаулы. Өткен жексенбіде балық аулауға шыққан тұрғындар ау қайырған сәтте келеңсіз көріністің куәсі болған. Сол жерде түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап, әлеуметтің түсініспеушілігін тудырған еді. Ақпараттың Индер ауданына қарасты жерде болғаны расталып отыр. Бейнежазбада балықшылар судың өңі бұзылып, ау құралдарының қою-қара түске боялғанын айтып дабыл қаққан-ды. Айдың-күннің аманында ағайынды алаң көңілге қалдырған осынау жағдайға байланысты жергілікті билік құзырлы орындармен бірлесіп тисіті зерттеу-зерделеу жұмыстарын қолға алуда. Гүлнар ҚУАНЫШЕВА, Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалы Индер аудандық бөлімшесінің директорының міндетін атқарушы Осы мәселе бойынша су сынамасы алынды Жайық өзенінен.Зерттеу жүргізіліп жатыр. Үш күннің ішінде қорытындысы шығады. Осы жағдайға…

Read More

«Caspian news» арнасында – тұсаукесер. «Дақ» қысқаметражды фильмі көрерменге жол тартты. Төл туындыны түсіру пандемия кезінде арна бюджетіне оңай соқпаса да, шығармашылық топтың тәуекелі көз қорқақ, қол батыр екенін дәлелдей алды. Осы орайда фильм продюсері шектеулер кезінде актерлардың түсіністігіне ерекше алғысын білдіреді. Өйткені, ол шығарма барысында өнер адамдарының өз ісіне келгенде жауапкершілікпен қарайтынын түсінген. Алтынай СЕРІКБАЙ, продюсер Пандемияға байланысты бұл фильмді түсірген кезде сәл қиындықтар болды. Ол әсіресе түсірілім жағына байланысты. Кейбір жерлер жабық болды. Бірақ біз осыған қарамастан, қаражат жағына қарамастан біз түсіріп шықтық. Фильмдегі актерлық құрамның да ойнау жағын және ол кісілердің түсінісітікпен қарағанын айтып өту керек. Әсіресе…

Read More

Апатты үйдің тұрғындары жаңа баспананы 10 жылдан бері зарыға күтіп келеді. Первый участок ықшамауданындағы мына екіқабатты қос тұрғын үй 2011 жылы апатты деп танылған. Келбеті адам көргісіз ғимараттың не көгілдір отыны, не суы мен дәретханасы жоқ. Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашынды күндері тобықтан су кешіп жүру әдетке айналған. Қала берді, күні-түні егеуқұйрықтар мен мысықтардың тартысынан әбден шаршаған олар сыз тартқан жердің иісіне шыдау мүмкін еместігін айтады. Көктеген үйден шыққан иіс кішкентай бөбегі барларға қиынға соғып тұр. Осының кесірінен бүлдіршіннің өкпесі қабынып, жүрек соғысы баяулаған кездер де болған. Абырой болғанда, баланы аман сақтап қалыпты. Айтса-айтқандай, сыз тартқан баспанадағы күлімсі иістің қолқаны қабатынын өзіміз…

Read More

Алматы, Талдықорған қаласы және Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Қаулыға сәйкес: сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етіледі; ұжымдық іс шараларды өткізуге тыйым салынады; Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30%-дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі; Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдар алдын-ала…

Read More