Автор: Сайт әкімшілігі

Сонымен бірге, аймақта 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Мәселен, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық аурухана салынды. Облыстық кардиологиялық орталыққа 50 орындық жапсарлас ғимарат тұрғызылды. Атырау қаласында модульдік аурухана пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдық елдімекендерде амбулаториялар іске қосылды. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамту үшін 5 жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Былтыр жедел медициналық жәрдем қызметіне 46, осы жылдың басында 20 жаңа автокөлік берілді. Осылайша өңірдің аталған қызметі қажетті көлікпен 100 пайыз қамтылды. Сондай ақ, өткен жылы халық алдындағы есебімде…

Read More

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Caspian Life. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты. «Бүгін таңертең қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада. Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.…

Read More

«Ашаршылық тек қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гуманитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті, ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен, оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал», – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Астанада өткен 1921-22 жылғы ашаршылықтың 100 жылдығы мен 1931-33 жылдардағы ашаршылықтың 90 жылдығына қатысты отырысында. Сенат төрағасының ойынша, ашаршылық совет өкіметі құрамында болған елдердің бәрін де болған. «Соның салдарынан Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Осы тұрғыдан алғанда, аштықты белгілі бір ұлтқа қарата…

Read More

Ақтаулық тәртіп сақшысының абыройы айрандай төгілді. Жезөкшелерге қамқорлық танытып келген полицейдің ісі сотта қаралып, үкім шықты. Енді ол алдағы 4 жылын темір тордың ішінде өткізбекші. Сонымен қатар, инспектормен иық тіресе жұмыс істеген жеңгетай да 3 жылға сотталды. -Сотталушы К. өзінің байқауындағы аумақта Н.-ның заңсыз іс әрекетін жүзеге асыруына ықпал етіп, қамқорлық көрсетіп, одан 15 000 тг пара алған. Нәтижесінде карантиндік шектеулерге қарамай, притонда адамдардың жиналуына жол беріліп, короновирус инфекциясының тез таралып, адамдырдың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген, деді Ақтау қалалық сотының судьясы Аралбай НАҒАШЫБАЕВ. Полицейдің бұл қылмысы былтыр төтенше жағдай кезінде анықталған еді. Жарты жылға созылған іс бірнеше тәртіп сақшысының…

Read More

Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі азайды. Оған себеп – Атырау мұнай өңдеу зауытының электр қуатындағы ақау. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Жалпы, Теңіз жобасы бойынша 2 млн тоннадан астам мұнай өндірілді, яғни бұл жоспарланған көлемнен 4 процентке аз. Жаңбырдың кесірінен жабдықтардың ылғал тартуы электр қуатының ажырауына әкеп соқтырған. Екінші деңгейлі зауыттағы апаттық жағдай осылайша өндіріс көлемінің шектелуіне жеткізді. Осыған байланысты Энергетика министрлігі тексеріс жүргізуді бастап кеткен. Ал АМӨЗ-ге келер болсақ, мұнда авиаотын өндіру бойынша жоспарланған көлем 9 пайызға кем орындалған. Мұнай мен мұнай өнімдерін шығару көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, Ноғаев ішкі нарықтағы қордың тұрақты қалыпта екенін жеткізді.

Read More

Атыраулық полицейлер есірткімен ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған бұл видеода айыптылардың аты-жөні мен лауазымы анық айтылған. Атырау – Доссор тасжолында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдаған полиция департаментінің екі қызметкері жедел іздестіру іс-шаралары барысында құрықталған. Бейнежазбадан көліктің жүксалғышындағы дөңгелекке мұқият жасырылған күмәнді заттарды байқауға болады. Видеоға қатысты түсінік берген полиция департаменті аталған деректі растады. Ұсталған екі полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенін айтты. — Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат жария етілмейді, — деді  Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерген ТӨЛЕМІСОВ. 

Read More

Ресейлік «Спутник V» вакцинасын 1000 медицина қызметкері қабылдады. –  1 ақпанда Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. Бүгінде вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды. Бірінші медицина, мемлекеттік қызметкерлер және санэпидқызмет мамандары арасында жүргізілді. Қалада 725, аудандарда 273 адам вакцинацияланды. Вакцинацияланғандардың арасында ауруханаға жатқызу жағдайлары тіркелген жоқ, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Read More

Досаевтың айтуынша, өтінім иелерінің 87 проценті қаражатты тұрғын үй мәселесін шешуге жұмсайтындығын көрсеткен  Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға қанша қазақстандық өтінім бергенін айтты. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды. Айтуынша, 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 триллион 855,9 миллиард теңгеге 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 миллиард теңгеге 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды. «12 ақпанда БЖЗҚ 75 186 өтінім бойынша 408,2 миллиард теңге зейнетақы төлемдерін аударды», – деді Досаев үкімет отырысында. Қазақстандықтар жинақтың 87%-ін тұрғын үй мәселесін шешуге, оның 45,5%-ін – баспана сатып алуға (ипотекасыз); 28,3%-ін – ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5%-ін екінші деңгейлі…

Read More

Өткен айдың қорытындысы бойынша 1 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілді, жоспар 90,5% орындалып отыр 2021 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі төмендеген. Соған қарамастан, елде жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.  Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. Оның айтуынша, өткен айдың қорытындысы бойынша 1 миллион тонна мұнай өнімдері өндірілді, жоспар 90,5% орындалды. Автобензин бойынша көрсеткіш – 410 мың тонна, яғни қаңтар айының жоспары – 91,2%. Өндірілген дизель отынының көлемі 326 мың тонна, бұл  77%. Әуе отыны бойынша көрсеткіш 35 мың тоннаға тең, яғни 91,4%. «Аталған көрсеткіштердің төмендеу себептері мынадай: осы жылдың 10-18 қаңтар аралығында Атырау…

Read More

Алдыңыздағы суреттегі үйшіктердің бірін таңдап, сіздің отбасыңызды жақын арада не күтіп тұрғанын біліңіз. Суреттерге асықпай зер салып қараңыз, өзіңізге ұнаған үйшікті таңдаңыз. Сіз таңдаған үйшік отбасыңызда жақын арада болатын жаңалықтың жаршысы болмақ. Таңдасаңыз, іске сәт! Ескерту! Бұл тек психологиялық болжам ғана. Ақиқаты тек Аллаға ғана аян екенін ұмытпаңыз. Жақсы сөз — жарым ырыс! №1 Үйшік Бірінші үйшік көзіңізге оттай басылса, сіздің отбасыңыздың мүшелері өте қарапайым жандар. Сол себепті де ешкімді қараламайтын, адамдарды алаламайтын жақсы қасиеттері бар. Үлкендерді сыйлау, отбасылық құндылықтарды бағалау сіздің отбасыңыздағы басты ұғым. Алдағы уақытта отбасыңызда болатын жақсы жаңалықтардың бірі де — үйіңіздегі үлкендердің біріне қатысты болмақ. Бәлкім…

Read More