Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі азайды. Оған себеп – Атырау мұнай өңдеу зауытының электр қуатындағы ақау. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Жалпы, Теңіз жобасы бойынша 2 млн тоннадан астам мұнай өндірілді, яғни бұл жоспарланған көлемнен 4 процентке аз.
Жаңбырдың кесірінен жабдықтардың ылғал тартуы электр қуатының ажырауына әкеп соқтырған. Екінші деңгейлі зауыттағы апаттық жағдай осылайша өндіріс көлемінің шектелуіне жеткізді. Осыған байланысты Энергетика министрлігі тексеріс жүргізуді бастап кеткен. Ал АМӨЗ-ге келер болсақ, мұнда авиаотын өндіру бойынша жоспарланған көлем 9 пайызға кем орындалған. Мұнай мен мұнай өнімдерін шығару көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, Ноғаев ішкі нарықтағы қордың тұрақты қалыпта екенін жеткізді.