CaspianLife. 2 қазан. Атырауда экстремистік топ құрды деген күдікпен 10 адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Операция 30 қазанда прокуратура органдарының үйлестіруімен жүргізілген.
Күдіктілерге экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау мен діни алауыздықты қоздыру айыптары тағылып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, топ мүшелері Қазақстанның батыс өңіріндегі конституциялық құрылыстың негіздері мен билік жүйесін күшпен өзгертуді мақсат еткен.
Тінту барысында атыс қаруы, есірткі заттары, діни әдебиеттер, атрибутика және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығының қызметіне тосқауыл қойылды.
Топ мүшелерінің бірқатары бұған дейін де террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Нурбиби ТЕМИРТАСОВА, Атырау

