Caspianlife, 24 қыркүйек. Ведомство X әлеуметтік желісінде жазба жариялады.
«Каспий теңізіндегі Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің әскери оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қайғылы түрде опат болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Біз қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, бауырлас Қазақстан халқына, Үкіметіне қайғырып көңіл айтамыз. Алла Тағала марқұмдардың жанын жәннатта етіп, бұл ауыр сәтте отбасыларына күш-қуат мен сабыр берсін. Жоғалғандардың аман-есен табылуына үміттенеміз және зардап шеккен әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген хабарламада.


