Ақтаулық тәртіп сақшысының абыройы айрандай төгілді. Жезөкшелерге қамқорлық танытып келген полицейдің ісі сотта қаралып, үкім шықты. Енді ол алдағы 4 жылын темір тордың ішінде өткізбекші. Сонымен қатар, инспектормен иық тіресе жұмыс істеген жеңгетай да 3 жылға сотталды.
-Сотталушы К. өзінің байқауындағы аумақта Н.-ның заңсыз іс әрекетін жүзеге асыруына ықпал етіп, қамқорлық көрсетіп, одан 15 000 тг пара алған. Нәтижесінде карантиндік шектеулерге қарамай, притонда адамдардың жиналуына жол беріліп, короновирус инфекциясының тез таралып, адамдырдың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген, деді Ақтау қалалық сотының судьясы Аралбай НАҒАШЫБАЕВ.
Полицейдің бұл қылмысы былтыр төтенше жағдай кезінде анықталған еді. Жарты жылға созылған іс бірнеше тәртіп сақшысының үстінен қозғалғанмен, нәтижесінде екі адам – инспектор мен өзбекстандық жеңгетай сотталып отыр.