Атыраулық кейуананың басына бұлт үйірілді. Оған баспанасынан айырылу қаупі туып отыр. Бұған себеп – бірнеше жыл бұрын бауырына көмектесу үшін алынған несие. Ұзын сөздің қысқасы, пәтерін кепілге қойып, банкке қарызданған зейнеткер соттан бір шыққан. Алғашқы 9 айда айқай‐шусыз төлем жасап келген жақыны кейін борышын төлеуді біржола доғарған көрінеді.
Шолпан ДҮЙСЕНБАЕВА,Атырау қаласының тұрғыны
Үйді кепілдікке салдым. Сіңілім қайтты. Бірақ қайтарының алдында күйеуіне, балаларына айтылған. Мына үй апамның кепілдікке берген үйі , төленсін, апам далада қалмасын деп. Ал енді сол сіңілім қайтқаннан кейін қарсылық білдірді. Біз төлемейміз, біздің төлейтін жағдайымыз жоқ деген сияқты. Күні бүгінге дейін төленген жоқ. Қанша сотқа барсақ та төленбей отыр.
Зейнеткердің заңды өкіліне салсақ, сот орындаушысының тарапынан кеткен олқылықтар бастан асады. Оған қоса, сіңілісінің жұбайы нотариуспен ауыз жаласып, бақилық болған әйелінің зейнетақы қорындағы ақшасын өз пайдасына жаратқан көрінеді.
Айгүл ЖҮНІСОВА, Ш.Дүйсенбаеваның жиені
Біз прокуратураға хат жаздық. Олар Шолпан Дүйсенбаеваның жазықсыз екенін бірнеше рет айтты. Бұл жерде жапа шегіп отырған жан Ізімбаевтар да, Садықовтар да емес. Менің апам Шолпанның баспанасы банкке кеткелі тұр. Олар несие төлеуден бас тартқандықтан, банк апамның үстінен аппеляциялық шағым түсірді.
Шолпан ДҮЙСЕНБАЕВА, Атырау қаласының тұрғыныМенің айтатыным үйімді қозғамасын. Бұл жерде қателіктер болып отыр, сот орындаушы қателік жіберген, нотариус қателік жіберген және менің күйеу балам солармен келіскен. Прокуратураға жазылды, нотарипальный палатаға жазылды.
Ал қарсы тарап болса, несиені уақытылы төлемеудің айтарлықтьай себебі бар дейді.
Жасқайрат ІЗІМБАЕВ, Атырау қаласының тұрғыны
Ол менің дүниеден өткен жарымның атына рәсімделген несие еді. Қаңтардан бастап айына 100 мың теңгеден төлеуге қауқарым жетеді. Өйткені, табысымның барлығы диабетпен ауыратын баламның еміне кетеді. Банктің аппеляциялық шағым түсірген себебі, мен ақшамның жоқтығынан төлей алмадым.
Жалпы, зейнеткердің банк алдындағы қарызы өсімпұлымен 4,5 миллион теңгеге жеткен. Ал кейуананың тілеуін тілеп жүрген жиеннің бар мақсаты – оны басқалар алған берешектен босату. Дегенмен банк алдында жауапты ретінде Шолпан әжей қала бермек. Бүгінде баспанасынан айырылып қалудан қорқатын кейіпкердің бар арманы – өзгеден өгейлік көрмей, өз пәтеріндегі тыныш өмір сүру.