Автор: Сайт әкімшілігі

Қаладағы дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы тексерілді. Фармацевтикалық бақылау агенттігінің мамандары мен қоғам мүшелері шаһардағы дәріханалардың бірнешесіне бас сұқты. Олардың мақсаты –  қоғамдық бақылау жүргізіп, бағаны шекті құннан асырған дәріханаларды анықтау. Рейдтік бақылау Балықшы ықшамауданындағы Махамбет және Жұбан Молдағалиев көшелерінде жүргізілді. Мониторнгтік топ жұмысы екі аптаға созылмақ. Бірақ, бүгінгі тексеріс нәтижелеріне қарап өрескел фактілердің тіркелмегенін білдік.  Альфия АДИЕВА, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Атыраудағы дәріханаларда сатылып жатырған  дәрілердің бағаларына қоғамдық бақылау жүргізілуде. Енді соңғы дәрілердің бағасы осы биылғы жылдың қаңтар айының 21-де  бекітілген болатын. Сол тізімге сәйкес қазір бірнеше аптекаларды аралап шықтық, дәріханаларды әзірге өрескел  баға көтеріп отырған дәріхана кездестірілмеді. Енді мынау…

Read More

Ақтаудағы жалғыз жасанды мұз айдыны миллиондаған қарызы үшін жабылу мүмкін. Бұл қатаң карантиннің кесірі дейді, кәсіпкер. Салдарынан  көптеген кәсіп иелері зардап шегіп, шығынға батуда. Солардың қатарында Сергей Семенов та бар. Оған жалдау және несие бойынша 20 млн теңгеден астам қарыз жинақталды. Өзі де пандемияға байланысты кіріс бірден 70 пайызға төмендеп кетті дейді. Сергей СЕМЕНОВ , кәсіпкер   Мұз айдыны күніне 35 000 теңгеге электр қуатын тұтынады. Біз барлық қарызды 3 немесе одан да көп ай ішінде жабамыз. Себебі, мұз айдынына келушілер 100% кіре алмайды. Егер адам саны 100 болса, біз мұзға 30 адамды ғана жібере аламыз.    Облыстық Бас санитардың …

Read More

Орал тұрғыны Айша есімді қазақстандық қыздың ата-анасына 15 миллион теңге аударды. Ата-анасы қызын шетелге апарып ота жасатпақ. Бұл туралы  КТК хабарлайды. Айша есімді қыз бала сирек кездесетін Спина Бифида дертіне шалдыққан. Омыртқасына зақым келген. Жүре алмайды. Бірақ оған Израиль клиникасының дәрігерлері көмектесуге уәде берді. Алайда операцияның құны 20 миллион теңге. Ата-анасы соманың бір бөлігін ғана жинап үлгерген. Осы ретте көмек күтпеген жерден келді. Орал тұрғыны бірден 15 миллион теңге аударды. “Біреу көмекке мұқтаж болып, оған көмектесе алатын мүмкіндік болса, әрекетсіз отырмау керек. Менің де Айша есімді қызым бар. Екеуі жасты. Өз қызыңдай қыздың жүре алмауы, спорт залға бара алмауы, ойнай алмауы жанды ауыртады екен.…

Read More

Қазақстандықтарға 13 ақпаннан бастап өзімен жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатын алып жүру міндетті емес. Бұл заң күшіне енгенге дейін осы жағдаймен әкімшілік жауапқа тартылған және айыппұлы әлі төленбеген адамдарға да қолданылады. Осылайша, бұрын салынған айыппұлдар кешіріледі. Норманы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews хабарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 5-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін немесе оның күшін жоятын заңның кері күші болады. Яғни, заң қолданысқа енгенге дейін жасалған және оған қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы шығарылған қаулыларға да қолданылады. Оған өтелмеген құқықбұзушылықтар да кіреді. «Тиісінше, аталған құжаттардың болмағаны үшін қозғалған барлық істер, заң күшіне енгенге дейін…

Read More

Атырау, Caspian life. Жыл блогерін таңдаған жиында жұрттың тынышын бұзған жағдай болды. Карантинді пысқырмайтын әлеуметтік желіні белсенді қолданушылар кәдесыйлары мен дипломдарын арқалап, сыртқа шығарылды. Аяқ астынан үзілген іс-шара қаланың қақ ортасында орналасқан мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған. Мобильді топ кірген сәтте 100-ге жуық жан дастарқан басында жиналып отырған. Сән-салтанаты келісті басқосуда қонақтардан бөлек, өнерпаздарға да орын табылыпты. Басында блогерлер тапа-тал түсте топ-топ адам жинаған отырыстың суреттерін өз парақшаларына жарыса жариялаған. Оны көрген тәртіп сақшылары мен қалалық әкімдіктің қызметкерлері тойханаға бет бұрды. Енді ел көнген қаулыны елей бермейтін азаматтар заң алдында жауап беру мүмкін. Сәбит СҮЛЕЙМЕНОВ, мобильді топ мүшесі Бүгінгі күні Cұлтан Хол…

Read More

 Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ҚАУЛЫНЫҢ толық мәтінін ұсынамыз, деп хабарлайдыCaspian Life. Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»…

Read More

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажан Ғиният бетпердені қай кезде шешуге болатынын айтты. «Ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Ол үшін халықтың 60 проценті вакцинациядан өткеннен кейін ғана маскасыз жүруге болады», — деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ұжымдық иммунитетті 50-60 процентке жеткізу үшін 10 миллион адамға вакцина салу қажет. Ол жоспар биыл орындалмауы да мүмкін. «Қажетті вакцина болған күннің өзінде оны екі айдың ішінде 10 миллион адамға салып шығу мүмкін емес. Сол себепті ол уақыт, кем дегенде, жылдың аяғына дейін созылады. Тіпті, 2022 жылға дейін баруы ықтимал. Сондықтан ұжымдық иммунитет қалыптасқанша бетперді киіп…

Read More

Қоғамдық тамақтану орындары үшін жұмыс жасау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Caspian Life. «Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, 50% дейін толтырылуымен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс жасауға рұқсат етіледі» делінген Атырау облысындағы шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Қаулыда.

Read More

Қазақстанда пәтер бағасы өсті. Жаңа тұрғын үйдің құны 3% – ға, қайталама нарықтағы пәтерлер бір айда 5% өсті. Жалға берілетін тұрғын үй құны 2,7% көтерілді, деп хабарлайды ORDA. Жаңа тұрғын үйге жылдық өсім (2021 жылғы қаңтар – 2020 жылғы қаңтар ) 7,3% – ды, қайталама тұрғын үйге-17,9% – ды құрады. Облыстарға бөлгенде «Крыша» порталының сарапшылары еліміздің әр өңіріндегі ұсыныстардың орташа бағасын атаған болатын. Ең үлкен өзгерістер Петропавл мен Павлодарда байқалады. Бұл өңірлерде индекс 5.2% – ға өсіп, тиісінше 1 шаршы метр 308 425 және 255 650 теңге болып отыр. Өскемен мен Көкшетауда өсім 4.8 және 4.2% -ға жетіп, бір шаршы метр 296 625 және 263 575 теңгеге өскен. Қызылордада аудан бірлігінің…

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 10 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Бұған дейін осы облыстармен қатар тұрған Атырау өңірі «жасыл» аймаққа шықты. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр. Еске салсақ, бұған дейін ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын. Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп…

Read More