2001 FO32 астероиды Жердің маңынан ұшып өтеді, ол 2021 жылы біздің ғаламшарымызға жақындаған ең үлкен ғарыш денесі болады, — деп хабарлайды LADbible. NASA мәліметінше, 2001 FO32 астероиды 21 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:03-те Жерден шамамен 2,02 миллион шақырым қашықтықта секундына 34 шақырым жылдамдықпен ұшып өтеді. 2001 FO32 біздің ғаламшарымыз сияқты Күнді айналып жүретін көптеген объектінің бірі саналады. Астероидтың нақты көлемі белгісіз, бірақ есептеулерге сүйенсек, ол 767 метрден 1,71 шақырымға дейін болуы мүмкін. NASA мәліметі бойынша, астероид біздің планетамыздан 5,3 LD қашықтықта өтеді. 1 LD Жер мен Айдың арақашықтығындай, 384 мың шақырым екені атап өтілген. Ғалымдар бұл астероидты қауіпті денелер санатына қосқан.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Жалақысынан қағылған жұртшылық жиын ұйымдастырды. 2 айдан бері еңбекақы қолына тимеген «ТехникаРемстрой» компаниясының жұмысшылары «ақымызды ала алмағанымыз аздай, бір жылдан бері медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарнамыз төленбей келген» дейді. Асхат БАЛЫБАЕВ, құрылысшы Осы уақытқа дейін ештеңе төлемеді. Бірақ төлемеген себебі айтты.Біз сендерге үш ай сайын аударып отырмыз деп. Енді осы Дамба елінде жүргесін біз көп қарамаймыз. Бірақ біз кеше соңғы рет барып қарағанымызда ештеңе түспеген. Жалақының уақытылы төленбеуін жұмыс берушілер есепшоттың бұғатталуымен түсіндірді. Осы жағдайдың құрбанына айналған мердігерлер де компанияның өзіне миллион теңгеге жуық қарызы бар екенін айтады. Көпшіліктің көңілін күпті еткен мәселеден енді ғана хабардар болдық деген әкімнің орынбасары…
Бұл сұрақтың жауабын испан аниматоры Альвароның қызықты үш ролигінен көруге болады. Ол өзінің MetaBallStudios YouTube каналында жер планетасындағы кей елдерді ғаламшарға айналдырған бейнесін жариялады. Осылайша автор мемлекеттердің жер көлемі бойынша қаншалықты ерекшеленетінін байқауға болатынын көрсетті. Мысалы, ең кішкентай Ватикан мемлекеті диаметрі 400 метр болатын планетаға ұқсайды. Біздің елге келетін болсақ, Қазақстан диаметрі 931 шақырымды планетаға айналады. Бұл – Қазақстанның территориялық аумағы бойынша 9-орында болуының нәтижесі. Малика Такежанова
Атырау, Caspian News. Жылыойдағы апатты үйдің тұрғындары облыс әкімдігі алдында шу шығарды. 9 жыл күткен баспанаға әупірімдеп жеттік-ау дегенде сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департамент мемлекеттік сатып алудағы конкурсты тоқтатып қойған. Жылыой тұрғыны: 74 пәтердің мәселесі, 100 емес 74 бала-шағасын есептемегенде. Сол тиынға Астанаға мост салып беріп жатыр, Түркістанға cауда үйін салып беріп жатыр, Арысқа ақша аударып жатыр. Мұнайдың астында газға уланып жатқан біздер тұруымыз керек пе, 74млн-ды үнемдейміз деп. Құлсарылықтар едені қақырап, қабырғасы шытынап, жаңбырлы күнде су басатын үйді әлі күнелтіп келеді. Жиналған жұрттың 2016 жылы апатты деп танылған баспанасындағы 1 бөлме әкімдік 4млн теңгеге бағалап берген. Алайда кейін порталға…
Қайғылы оқиға өткен жылы болған. Қыркүйек айында Қазталов ауданының 19 жастағы тұрғыны өзінің танысынан аяғы ауыр екенін білді Батыс Қазақстан облысында өзінің жаңа туған сәбиін өлтірген жас әйелге қатысты үкім шықты. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды. Қайғылы оқиға өткен жылы болған. Қыркүйек айында Қазталов ауданының 19 жастағы тұрғыны өзінің танысынан аяғы ауыр екенін біледі. Ол кезде жүктілік мерзімі шамамен алты айға жуықтаған. Педагогикалық колледждің студенті баланың әкесіне жүктілігі туралы айтқанда, ол жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмеген. Студент қыз ата-анасының қаһарынан қорқып, бұл жағдай туралы басқа ешкімге тіс жармады. 23 қарашада оның іші ауыра бастаған. Осы уақытта оның анасы дүкенге…
ІІМ қызметкері жеке тұлғаның ЖСН нөмірін тергенде оның жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық құжатының қашан алғаны туралы ақпарат шығады. Сондықтан жүргізушілер тек жеке куәлікті алып жүреді. Алайда кей жағдайда тек жеке куәлік жеткіліксіз. Бұл мәселені ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Қазір жүргізушілерге жеке куәліктен басқа құжаттарды алып жүрмеуге рұқсат беруге байланысты ІІМ жол жүру тәртібіне өзгерістер енгізіп жатыр. Бұл құжаттар (жүргізуші куәлігі, көліктің техникалық паспорты) әрі қарай да беріледі. Себебі ол әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет болып есептеледі. Жыл сайын біз 500 мыңға жуық жүргізуші куәлігін және 1,5 миллионға жуық көлікті тіркеу…
8 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы шамамен 1%-ға өсті. Эталон сұрыпты «қара алтын» баррелінің құны 60 долларға жақындады. Вакцинациялау процесі басталғаннан кейін сұраныстың артуы шикізаттың қымбаттауына себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Нарыққа тағы бір фактор оң әсерін тигізуде. Ең ірі мұнай импорттаушы саналатын Қытай елінде сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл елге баратын танкерлердің саны көбейіп, соңғы алты айдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. Еске сала кетсек, Сауд Арабиясы ақпан және наурыз айларында бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 1 млн баррельге қысқарта бастаған еді. Өткен айда ең ірі мұнай өндіруші саналатын бұл ел өндірісті 1,88 млн баррельге азайтып, бір…
Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар әскери қызметке шақырылады Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2021 жылдың наурыз…
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Бес өңірде дабылды ескерту жарияланып отыр НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. Дүйсенбі, 8 ақпанда, батыс өңірлерден өзге аймақтарда жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деді «Қазгидромет». Ірі қалалардағы ауа райы Нұр-Сұлтанда 8 ақпан күні қар жауады. Күндіз минус 3-5 градус, жел жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12 градус нөлден төмен. Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз плюс 7-9 градус, жел жылдамдығы – 2-7 м/с. Түнде – 0+2 градус. Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз – 10-12 градус жылы, жел жылдамдығы — 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.…
Сириядан бір топ қазақстандық азамат елге оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматтарды елге қайтару операциясын өткізді. Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», — делінген хабарламада. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан…
