Атырау, Caspian Life. Ақпаннан бастап «102» бағдарламасы іске қосылды. Онда тұрғындар «қызыл батырма» арқылы полицейлермен жедел байланыса алады. Мұндай жаңашылдықтың игілігін смартфонына арнайы бағдарлама орнатқан жандар ғана көре алады.
Алтынбек ҚАЙЫРЛИЕВ, қалалық ПБ жедел басқару орталағының бастығы
Бұл мобильді қосымшаның бір айрықшылығы – 102 арнасына хабарлама берген азаматтардың бейнежазба арқылы және аудиожазба арқылы хабарлама беруіне және қалдыруына мүмкіншілік береді.Алайда қандай да бір қылмысқа немесе қандай да бір құқықбұзушылыққа куә болған азамат мобильдік бейнетаспаға түсіріп6 немесе сол жерден бейнезвонок арқылы 102-ге хабарлама қалдыра алады.
Қызыл батырманың тағы бір артықшылығы – қоңырау шалған азаматтың орналасқан жері картадан көрініп тұрады. Соның арқасында полицейлер жедел қимылдауға мүмкіндік алады. Мамандардың айтуынша, бағдарлама іске қосыла салысымен алғашқы қоңырау да түсіп үлгерген.
Сонымен қатар, қосымша арқылы жол-көлік оқиғаларын, зорлық-зомбылық фактілерін, балаларға қатысты жағдайларды жеткізіп қана қоймай, тіпті полицейдің үстінен шағымдануға болады. Құқық қорғаушылар елді бағдарламаның жұмыс істеп тұрғанынан хабардар еттік дегенмен, қызыл батырманы қызық үшін басатындардың да кездесетінін жоққа шығармайды. Тәртіп сақшылары оның да жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.