Маңғыстау, Caspian Life. Ақтауда түнгі уақытта көпқабатты үйдің астында орналасқан автотұрақта BMW X-5 және ТОЙОТА ЛАНДКРУЗЕР көліктері өртеніп кетті.
Жер асты паркингіндегі басқа да техникалар сыртқа шығарылып, қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оқиға орнында облыстық ТЖД арнайы техникасы мен бірнеше қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер қанша су құйып, көбік шашқанымен де, санаулы минуттардан соң қымбат қос көліктің құр қаңқасы ғана қалды.
Қызыл жалын қасындағы тағы екі көлікті қатты зақымдаған. Төтеншеліктердің мәліметінше, адам шығыны жоқ, ешкім зардап шекпеген.
Мұрат МҰҚАНОВ , Маңғыстау облыстық ТЖД басшысы
Аталған өртке Маңғыстау облысы ТЖД 35 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар нысан көзін қоршауға қорғау үшін облыстық полициядан 8 қызметкер және 4 дана техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар және зардап шеккендер жоқ. Өрт себептері қазіргі таңда анықталуда.