Ақтаулық полицейлер марихуана тасымалдаған жергілікті азаматты қолға түсірді. Күдіктінің автокөлігін тінтіп, тексеру кезінде отырғыш астынан бір бума табылған.
Оның ішінен өзіндік иісі бар сіріңке қорабына салынған 80 дана есірткі заты шықты. Жалпы салмағы 776 грамм дейді сақшылар. Сараптама қорытындысы марихуана екенін көрсетіпті.
Қазіргі таңда күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Айғаным РАХМЕТОВА, Маңғыстау облыстық ПД өкілі
Аталған дерек сотқа дейінгі біріңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 297 бабы 1 бөліміне сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.