Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырғандар саны ең көп болатын кезең мен қатаң карантин жариялануы мүмкін кезеңді айтты. Денсаулық сақтау министрлігінде 2021 жылдың соңына дейінгі эпиджағдайдың дамуы бойынша болжам жасалды. «Ауырғандар саны көп болатын кезең наурыздың соңында болуы мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша, күніне коронавирус жұқтырған үш мың адам тіркеліп, ауруханаларда 24 мыңға дейін төсек орын толуы ықтимал. Ал пессимистік сценарий бойынша, тәулігіне 6-9 мың қазақстандықтан коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл жағдайда 45 мыңға дейін артық төсек-орын дайындалады. Бұл жағдайда карантин шаралары қатаңдауы мүмкін. Болжам бойынша, 2 миллион адамға вакцина салынған жағдайда алғашқы жартыжылдықта вирус жұқтырғандар саны 40 мыңға дейін азаяды. Бірінші кезеңдегі вакцинация иммунитет…
Автор: Сайт әкімшілігі
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Адамдар ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне тоқталған Мемлекет басшысы, «Оны сапалы өткізу үшін барлық жағдайды жасау керек. Вакциналау бойынша науқан ұйымдастырылған тәртіпте өтуі керек. Үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуге тапсырамын», — деді. Сонымен қатар Президент отандық вакцинаны тестілеудің оңтайлы нәтижесіне сенім артатынын атап өтті. «Осы жағдайда ол жақсы нәтижелер көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын», — деді Президент.
Атырау,Caspian Life. Атырауда бопсалаумен айналысқан шетелдік әйел ұсталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арызданған. Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені айтылған. Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған. «Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен . Қазір аталған дерекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Атырауда есірткі сайттарының «промоутері» ұсталды: жергілікті тұрғын олардың атын қабырғалар мен үйлердің қақпаларына жазып кеткен. Енді «промоутер» жазаланады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаментінің өкілдері айтты. Облыстық департамент мәліметінше, «промоутер» қабырғалар мен үйлердің қақпаларына бірнеше сайттың атын жазып кеткен. Бұл порталдар есірткі мен психотроптық заттарды насихаттаған. «Полиция қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Бұл дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлер қауымымен тікелей эфирде кездесуге уәде етті. «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті өте жақсы өткізді. Мен сіздермен 31 қаңтардағы онлайн-концерт эфирінен кейін болатын тікелей эфирде кездесуді асыға күтетінімді айтқым келеді. Менің сіздерге айтарым бар! Мен сіздерді жақсы көремін! Рақмет!», — деп жазды Димаш Instagram-парақшасында. Шара барысында жанкүйерлер Димашқа сұрақтарын қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады. Еске салайық, Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформада онлайн-концерт өткізген болатын. Концертті 100 елдегі жанкүйер тамашалады. Көптеген фанаттың өтінішіне байланысты аталмыш шоу 31 қаңтар күні…
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басалады. Бірінші және екінші кезекте вакцина салынатын дәрігерлер мен педагогтер екпеден бас тарта ала ма? Аталған сұраққа денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Ведомство өкілдері вакцина еркін түрде жасалатынын айтты. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация еркін түрде екпе салынатын адам қажет ақпарат алғаннан кейін ғана салынады. Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 77-бабына сәйкес ҚР азаматтары вакцинациядан бас тартуға құқылы», — деді ДСМ өкілдері. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі «вакцина еркін түрде жүргізілетіндіктен екпеден бас тартқан жағдайда ештеңе болмайтынын» айтты. Алайда вакцина салдырмаған адамдар шетелге шыққан жағдайда қандай шектеу болатыны белгісіз. Еске…
Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген. Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.
Атырау облыстық ПД-нің хабарлауынша, 23 қаңтар түнгі сағат 03:29 шамасында Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» ресто-барының алдында 32, 33 және 28 жастағы әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні «Vivaldi» ресто-барының ішінде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Аталған азаматтарды патрульдік полиция қызметкерлері наркологиялық сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесі олардың жеңіл дәрежелі мас күйде болғандықтарын көрсетті. Азаматтарға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ал сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы №1 қаулысын бұзып, карантин режимін сақтамаған «Vivaldi» ресто-барына қатысы жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау ушін Атырау қалалық…
Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары жанармайы таусылып, жолда қалған такси жүргізушісіне көмек көрсетіп, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. YouTube желісіндегі «Lada.kz» арнасында «Такая полиция нам нужна» деген атаумен бейнежазба жарияланған.
Махамбет ауданындағы оқшауланған тоғандарда су айналымы болмағандықтан оттегі жетіспеушілігі болып балықтардың қырылып қалу қаупі туды. Сондықтан су қоймасындағы мұздың қалыңдығы 40см болса міндетті түрде арнайы ойықтар дайындалу керек. Қағида бойынша бір резервуардың өзінде 5-6 ұңғыма ойылуы шарт. Олардың әрқайсысын жасауға жарты сағат уақыт кетеді. Ал бұл іспен Махамбеттегі инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдармен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп айналысады. Ойықтардың орташа көлемі 2-де 3 метр болады. Апта бойына мамандар 6 су қоймасын бақылап шығып, мұз ою ғана емес, олардың кері қатып қалмауын қадағалап отырады. Мұрат ҚҰБАШОВ, мердігер мекеме қызметкері Бұның бәрі балықты қорғау қыста қырылып қалмауы үшін істеліп жатқан шаралар. Әрбір…
