Махамбет ауданындағы оқшауланған тоғандарда су айналымы болмағандықтан оттегі жетіспеушілігі болып балықтардың қырылып қалу қаупі туды.
Сондықтан су қоймасындағы мұздың қалыңдығы 40см болса міндетті түрде арнайы ойықтар дайындалу керек. Қағида бойынша бір резервуардың өзінде 5-6 ұңғыма ойылуы шарт. Олардың әрқайсысын жасауға жарты сағат уақыт кетеді. Ал бұл іспен Махамбеттегі инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдармен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп айналысады.
Ойықтардың орташа көлемі 2-де 3 метр болады. Апта бойына мамандар 6 су қоймасын бақылап шығып, мұз ою ғана емес, олардың кері қатып қалмауын қадағалап отырады.
Мұрат ҚҰБАШОВ, мердігер мекеме қызметкері
Бұның бәрі балықты қорғау қыста қырылып қалмауы үшін істеліп жатқан шаралар. Әрбір апта сайын қарап кетеміз. Ойған үкілеріміздің айналасына белгі қоямыз, машиналар түсіп кетпеуі үшін немесе басқа адамдар түсіп кетпеуі үшін.
Су айдындарына жүргізілетін бұл жұмыстар қыстың ең аязды күндерінде жасалып, мұз ери бастаған кезде аяқталады. Мамандар балықты сақтап қалу жұмысына тұрғындардың да көмегі керектігін айтады. Ол үшін әр адам өз үйінің тұсынан ұңғыма дайындап, оған қамыс салып қою арқылы экологиялық зардаптың алдын алады.