Автор: Сайт әкімшілігі

Жылыойда жаңа аудандық орталық кітапхана ғимараты іске қосылып, оқырмандарға есігін айқара ашты. Келушілерге рухани азық сыйлайтын, еңселі нысан қос қабаттан тұрады. Құрылыстың іргетасы 2018 жылдың маусым айында қаланған. Заман талаптарына сай жасақталған ғимаратта абонемент және акт залы, замануи технологиямен жабдықталған интернет және оқу залы қызмет көрсетеді. Кітапхана әр жыл сайын жаңа басылымдармен, әдебиеттермен толықтырылып тұрмақ. Онда сақталған кітап қоры екі жүз төрт мыңнан асады. Балжан КЕНЖЕБЕКОВА, аудандық орталық кітапхана директоры Жылыой аудандық орталық кітапханасына келер жылы 85 жыл толғалы отыр.  Осы 85 жылдық тарихында кітапханаға жаңа ғимарат   салынып, табысталып жатқанына өте қуаныштымыз . Сол үшін аудан басшыларына ризашылығымзды білдіреміз. Ауданымызда …

Read More

2020 жылғы қаңтар-қараша аралығында жалпы сомасы 214,2 млрд теңгеге 389,2 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Қараша айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 22,5 млрд теңгеге 413,4 мың отбасы алды. Бұл туралы Baqmedia.kz хабарлады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған. 8 баласы бар отбасы үшін…

Read More

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны көп болатын кезең келесі жылдың басында болуы мүмкін. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. «Жағдай оптимистік болжам бойынша дамып келе жатқанын айта аламын. Жағдай жақсарса не қиындай түссе, пессимистік болжам бойынша, ауыратындар саны қаңтар-ақпан айларында көп болады», — деді Қиясов. Телеарна мәліметінше, республика бойынша шеттен келген адамдардан коронавирус анықталу дерегі азайған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы жағдай әлі де қиын. Қалған өңірлер «сары аймаққа» кірді.

Read More

АҚШ президенті Джо Байден Ллойд Остинді қорғаныс министрі етіп тағайындайтынын мәлімдеді. Егер оның кандидатурасын конгресс қолдаса, Остин Пентагонды басқаратын алғашқы афроамерикалық атанбақ. Заң бойынша Пентагон басшысы қызметіне тағайындалатын адам отставкада кемінде 7 жыл болуы тиіс. 67 жастағы Остин зейнетке тек 2016 жылы шыққан. Сол себепті, оған жаңа лауазымға отыру үшін конгрестің қос палатасының қолдауы керек болады. Америка ақпарат құралдары Ллойд Остинді «көпшілік көзіне түсуден қашқақтайтын адам» деп сипаттайды. Ол 2013–2016 жылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскерін бақылайтын орталықта қарулы күштер басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. Байден өзі ұсынған үміткерді «Америкаға қажет адам» деп оның кандидатурасын тезірек мақұлдауға шақырды. Сыншылар жақында ғана отставкаға…

Read More

Бұл туралы МаңғыстауМедиа Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Індеттің алдын алу мақсатында Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес әкімдік қызметкерлері және жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Сейсенбі күні өткен мониторинг барысында қаладағы 5 шағынауданда орналасқан “R12” түнгі клубының жұмыс істеп тұрғаны анықталды, делінген хабарламада. Маңғыстау облыстық Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 21 қазан күнгі № 42 Қаулысындағы кафелер мен мейрамханаларға сағат 22.00-ге дейін ғана қызмет етуге рұқсат делінген ережені сақтамады. Нысан иелерінен түсініктеме алынды. Сонымен қатар, санитарлық тазалықтың сақталуы да қаралды.

Read More

Өткен тәулікте Қазақстанда 777 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде атыраулық 28 және маңғыстаулық 9 тұрғын қауіпті дертті жұқтырған. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 121 Алматы қаласы – 74; Шымкент қаласы – 4; Ақмола облысы – 66; Ақтөбе облысы – 5; Алматы облысы – 38; Атырау облысы – 28; Шығыс Қазақстан облысы – 99; Жамбыл облысы – 24; Батыс Қазақстан облысы – 29; Қарағанды облысы – 30; Қостанай облысы – 73; Қызылорда облысы – 2; Маңғыстау облысы – 9; Павлодар облысы – 98; Солтүстік Қазақстан облысы – 72; Түркістан облысы – 5; Осы уақытқа дейін республика бойынша ауырғандар саны – 139…

Read More

Нидерландыда польшалық бірнеше дүкенде жарылыс болды. Екі күннің ішінде 3 дүкеннің күлі көкке ұшқан. Оның екеуі бір адамға тиесілі.  Жарылыс түнде болғандықтан зардап шеккендер жоқ. Мохамад Махмуд, дүкен иесі Не болып жатқанын түсінбедік. Қандай ниетпен жасалып жатқанын білгіміз келеді. Полиция кінәлілерді табады деген үміттемін. Жақын арада бәрі де белгілі болатынына сенгім келеді. Екі күн қатарынан болған жарылыс үшінші күні де жалғаспасын деп тілеймін. Құқық қорғау органдары нақыт ақпарат таратпай отыр. Жарылысқа не себеп болғаны да белгісіз. Тіркелген үш оқиғаның бір-біріне байланысы бар-жоғын дәлелдейтін деректер де табылмаған көрінеді.

Read More

Норвегияның арнайы қызметі ұлттық парламенттің серверін Ресейдің мемлекеттік құрылымы мен хакерлері  бұзбақ болды деп күдіктенуде. Полиция қызметі 24 тамыз күні жасалған кибершабуылды тергеу барысында осындай тұжырымға келген. Сол күні парламентшілердің электрондық пошта жәшіктерінен айтарлықтай мәлімет ұрланған. Арнайы барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, бұл Ресейдің әскери барлауымен байланысты «Fancy Bear» тобының қатысы бар операция болуы мүмкін. Нәтижесінде, хакерлер бірқатар шет елдің барлау қызметінің қызығушылығын тудыратын ақпаратқа қол жеткізген. Мәскеу болса тағылған айыппен келіспейді. Норвегиядағы Ресей елшілігі тергеудің нәтижесіз аяқталғанын және ресейліктердің оған қатысы барын дәлелдейтін деректің болмағанын айтты.

Read More

Халықаралық олимпиада комитеті Александр Лукашенко жетекшілік ететін Беларусь ұлттық олимпиада комитетінің басшылығын олимпиада ойындарынан шеттетті. Шешімге сәйкес, тыйым уақытша салынған, жағдайдың өрбуіне қарай ол тағы өзгеру мүмкін. Негізгі себеп, тамыз айында мыңдаған беларусь спортшысы президент сайлауын қайта өткізуді талап етіп билікке хат жазған көрінеді. Сонымен қатар, олар наразылыққа шыққандарға күш көрсетуге қарсылықтарын білдірген. Содан кейін кейбір спортшы ұсталып, сотталған. Олардың қатарында фристайлдан әлем чемпионы Александр Романовская, гимнасшы Светлана Куделич, палуан Андрей Кравченко және баскетболшы Елена Левченко бар. Соған байланысты халықаралық олимпиада комитеті спортшыларды саяси себеппен қудалады деген күдікке ілінген Беларусь билігінің әрекетін зерттеуді қолға алған. Ал бұған Александр Лукашенко «Әлемде…

Read More

Маңғыстау облысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңге қарастырылды. Ауылдарда және моно қалаларда жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 1,2 млрд теңге берілді. 259 шағын несие үлестіріліп, 329 жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 14 адамға кепіл болғаны үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына 8,7 млн теңге төленді. Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығын дамытуға 3,1 млрд теңге бөлінді.

Read More