Атырау, Caspian Life.
Атыраудағы Привокзальный 5 ықшамауданында орналасқан жылдамақша пункттерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.
Кеңсені көп торуылдаған қаскөй қызметкерді пышақпен қорқытып 100 мың теңгеге жуық қаржыны алып, қарасын батырған. Қазір күдікті қолға түсті. Ал полицейлер 31 жастағы ұры әрекетін алдын-ала ойластырған дейді.
Құттыбай САДЫҚОВ, Атырау облысы ПД криминалдық ПБ бастығы
Тексеру кезінде азаматтың Жылой ауданы тұрғыны екені анықталды. Яғни бұған дейін осы тектес қылмыстарға қатысы бар. Тексеру кезінде қалтасында болған пышақ,медициналық маска және де ақшалай қаражат және де каспий голд түбіртегі анықталды. Қазіргі уақытта аталған азамат уақытша ұстау изоляторынан абақтыға алынды.