Автор: Сайт әкімшілігі

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 200-ге жуық түтін екі жылдан аса уақыт жылусыз күн көруде. Салдарынан қариялар мен кәмелет жасына толмаған балалар салқын тигізіп, сырқаттанып қалуда. Елдімекен тұрғындары базынасын айтып, талай табалдырықты тоздырғанын айтады. Бірақ жауаптылар бір-біріне  сілтеп, әбден мезі қылыпты.  Ашуға булыққан ауыл халқы амалсыздан облыс әкімдігіне келіп отыр. Марал ЖАҚСЫЛЫҚОВА,  Мұнайлы ауданының тұрғыны Үйіміз салқын. Қыстың түрін көріп отырсыздар. Үйімізге газ керек. Газды талап етіп әкімге келіп отырмыз. Бізге анда бітеді, мында бітеді дейді. Нақты датасын айтпайды. Сондықтан бізге газ мәселесін шешуін сұраймыз. Ешқандай жылу жоқ, электр пешін тоқ көтермейді. Ақмарал КАРШИГИНА, Мұнайлы ауданының тұрғыны Газдың бастығына барсақ, ауыл…

Read More

Францияда кибершабуыл ісі бойынша ресейлік Александр Винник сотталды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Десе де, сот оның кейбір кибершабуылға арналған бағдарламаларды құруға қатысы бар екендігіне дәлел жетпегендіктен бірқатар айыптаудан арашалап қалды. Прокурор Виникті  әлемдік деңгейдегі хакер деп 10 жыл түрмеде ұстауды талап еткен еді. Тергеу мәліметтері бойынша, ресейлік жасаған кибершабуыл салдарынан 2016–2018 жылдар аралығында 200-ге жуық компания мен жеке тұлға зардап шеккен. Александр Виник өз кінәсін мойындамайды, ол Локки вирусына еш қатысы жоқтығын алға тартты. Ресейлік хакер 2017 жылдың жазында АҚШ-тан түскен шағым бойынша Грекияда ұсталған. Ол кезде Винникке биткоиндерді пайдалана отырып кем дегенде 4 миллиард долларды жымқырды деген айып…

Read More

Жыл басынан бері Қазақстандағы су айдындарында 85,2 млн. шабақ құтқарылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бастап су қоймаларынан, сондай-ақ, еліміздің күріш алқаптарынан қырылу қаупі бар 85,2 млн. шабақ құтқарылды. Бұл жұмысқа балық шаруашылығы, күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысты. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн. балық, Түркістан облысында 10,3 млн., Қызылорда облысында 8,3 млн., басқа өңірлерде 9,9 млн. шабақ құтқарылды. Құтқарылған балықтың ішінде сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ бар. Балық ресурсын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және…

Read More

Жыл басынан бері атыраулық полицейлерге облыс тұрғындарының із-түзсіз жоғалуына байланысты 70 шақты өтініш түскен. Оның 50-ден астамының жүрген жері анықталып, жақындарымен қауышты. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бөлімшеге хабар-ошарсыз кеткендер бойынша келіп түсетін хабарлама көп. Ал жоғалғандардың басым бөлігі – ер азаматтар. Әлібек БАҚЫТЖАНОВ, Атырау қалалық криминалдық полиция басқармасының  бөлім бастығы Көбіне ер адамдар жоғалады. Мысалы, биыл іздестірілген 69 тұлғаның 17-сі әйел адам болса, қалғаны – ер адам. Оның бәрі отбасылық жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар, өздерінің қайда кеткені туралы ешкімге хабарламайды немесе жалғызбасты адамдар басқа жерге көшіп кетуі мүмкін. Бұдан бөлек, жеткіншектердің жоғалуы туралы хабарламалар күнде келіп түседі. Кәмелет жасқа толмағандар…

Read More

Бүгін Ұлыбританияда коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқы болып тәуекел тобындағы адамдар алады. Олар – медициналық-әлеуметтік қызметкерлер және егде жастағы адамдар. Солардың бірі, 91 жастағы зейнеткер Маргарет Кинан екпенің оң нәтиже беретініне сенімді. Маргарет Кинан, зейнеткер Вакцинадан қорықпаңыздар. Тегін екпе жасатып өзіңізді аурудан қорғаңыз. Елде болған оқиғалардан кейін бұл біз үшін ең жақсы жаңалық болды. Мен де екпе жасаттым және ол сіздің де қолыңыздан келеді. Егер эпидемияның біткенін қаласаңыз, одан қорғану мен алдын алу шараларын қолға алу керек. Қазір Ұлыбритания қарт адамдар арасындағы коронавирус дертінен көз жұмғандар санынан алғашқы орында тұр.

Read More

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әмина Шайдуллина Каспий теңізінің проблемаларын зерттеу институтын құру идеясын ұсынды. Ол мұндай ұсынысты 11-сынып оқушысы «Туған елге тағзым» онлайн тарихи-өлкетану зерттеушілік байқауында жоба қорғау барысында айтты. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады.  Оқушының айтуынша, жасөспірімдерден құралған институт теңіздің экологиялық проблемаларын шешуге атсалысады. Жас зияткер күн санап саны азайып бара жатқан Каспий итбалықтарының популяциясын сақтап қалуға кері әсерін тигізіп отқан бірнеше факторларды атады. Сондай-ақ, түйткілді мәселені шешудің бірнеше жолдарын ұсынып, білім ордасының оқушылары атқарып жатқан жұмыстарды атап өтті. Әмина ШАЙДУЛЛИНА, Ақтау қаласындағы НЗМ оқушысы Каспий теңізі проблемаларын зерттейтін ғылыми институт бар екедігін білеміз. Бірақ ол жерде көбінесе…

Read More

ТШО эпидемиологиялық ахуалға байланысты хабарлама таратты. Онда мұнай қалашығында атқарылып жатқан жұмыстар мен науқастардың жағдайы баяндалған. «Теңізшевройл» ЖШС COVID-19 жаһандық пандемиясы жағдайында Теңіз кен орнындағы қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алуды жалғастырып келеді. ТШО қызметкерлер арасында вирус жұқтыру жағдайларын ерте анықтау мақсатында оларды уақтылы оқшаулау, сонымен қатар ықтимал қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін ПТР сынамасын алу мүмкіндіктерін белсенді қолдануда. Бүгінгі таңда ТШО тарапынан жүргізілген ПТР сынамаларының саны 73 000-нан асты. 2020 жылдың 7 қыркүйегі бойынша, Теңіз кен орнындағы қызметкерлер арасында барлығы 4 147  вирус жұқтыру жағдайы тіркеліп, олардың ішінен 2295 адам емделіп шықты. Бүгінгі таңда…

Read More

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауылында «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен балалар қалашығы ашылды. Орталық Азияның Еуразия Қоры арқылы іске асқан жаңа жоба ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлады. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. Тілектес САДЕНОВА, жоба жетекшісі Әрбір тұрғын өз қаласы мен ауылының гүлденіп көркейгенін қалайды. Бірлесіп жұмыс істесек, оған қол жеткізуге мүмкіндік болады. Сол себепті, алдымызға осындай мақсат қойып, балалар қалашығын ашу туралы ұсынысымызды жолдадық. Кейін қолдау тауып, бүгін міне грантқа қол жеткізіп отырмыз. Баутиндегі бос тұрған алаңды балалар қалашығына арнап дайындаған. Мұнда лабиринт, түрлі салада ойнайтын үйшіктер (дәріхана, полиция, мектеп, өнерлі балаларға арналған сахна т.с.с), әткеншектер бар. Жарықшамдар орнатылып, өрнектастар төселген.

Read More

Атырауда бір күнде 61, ал Маңғыстауда 1 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Атырау өңіріндегі қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласынан болса, 42-сі – Теңіз кенішінен. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың біреуінен басқасында ауру симптомсыз түрде. Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирустан 11 науқас емделіп шықты.

Read More

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Конституция күніне орай қылмыс жасағанына шын өкініп, түзу жолға түскен 104 тұтқынға рақымшылық жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Бұл тізімге ілінгендердің алтауы негізгі жазадан толық құтылған, 50 адам мерзімінен ерте босап шыққан, қалған 48-інің жазасы жеңілдетіліп, түрме мерзімі қысқарған. Олардың қатарында 13 елдің азаматы бар. 10-ға жуығының жасы 60-тан асқан. Өткен жылы да Мирзияев Конституция күні қарсаңында 92 адамға рақымшылық жариялаған еді. 8 желтоқсан күні Өзбекстанда Конституция күні аталып өтеді. Ел басшысы тек бұл күнде ғана емес, Әйелдер мерекесінде, Ораза қарсаңында және Тәуелсіздік күнінде де ондаған тұтқынға амнистия жариялау туралы шешім қабылдаған.

Read More