Атырауда полиция қызметкерлері есірткі сайтын жарнамалаған әйел ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Баспасөз мәліметінше, Атырау қаласында белгісіз біреу тұрғын үйлердің қабырғасы мен қақпасына есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын бірнеше сайттың атауын жарнамалайтын парақтар жапсырған.
«Полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде 33 жастағы әйелдің осы іске күдікті ретінде анықталды. Қазір аталған азаматша ұсталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған дерек қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1 бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық тұрғын жатын бөлмесін жылыжайға айналдырып, есірткі өсіргенін хабарлаған едік.