Атырау, Caspian Life. Биылдан бастап жоғары оқу орындары түлектерге жеке үлгідегі диплом табыстайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 39-шы бабына енген өзгертуде көрсетілген.
Мұндағы мақсат – елдегі білім сапасын жоғары деңгейге көтеріп, оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттыру. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы қажеттілікті анықтап, білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін әр факультетте академиялық сапа жөніндегі комитет құрылмақ. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов жаңа жүйеге көшуге толықтай дайынбыз — дейді.
Саламат ИДРИСОВ, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры
Биыл бізде 2000 тарта бакалавр және жүздің үстінде магистр түлектеріміз бітіреді. Біз жалпы бұл дипломды беруге толық дайынбыз. Арнайы үлгідегі білім және ғылым министрлігінің өзінің негізгі бір типтік үлгідегі негізгі үлгісі бар.
Бірақ сол үлгіге сәйкес олар арнайы барлық жоғарғы оқу орындары арнайы базада тіркеледі. Себебі ол дипломдар кез-келген оқу орнының түлегі екенін дәлелдеу үшін оны арнайы рейстр де тіркеледі.
Енді түлектің дипломы ғана емес, университеттің беделі мен имиджі жұмысқа орналасуда үлкен рөл атқармақ.
Жарқынай Қанатова