Енді полиция жүргізуші куәлігін сұрамайды – сенат заңды Тоқаевқа жіберді — CaspianLife ақпараттық порталы
Вторник, 26 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді полиция жүргізуші куәлігін сұрамайды – сенат заңды Тоқаевқа жіберді

21.01.2021
Жаңалықтар, Құқық
0
Енді полиция жүргізуші куәлігін сұрамайды – сенат заңды Тоқаевқа жіберді

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес. Жеке куәлігі қасында болса жеткілікті. Сенат көлік жүргізуге қатысты жаңашылдықтарды көздейтін заң қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. 

Оқи отырыңыз...

Тимур Бекмамбетов атыраулықтармен кездесті

Тимур Бекмамбетов атыраулықтармен кездесті

25.09.2023
АМӨЗ жөндеу жұмысына жабылады

АМӨЗ жөндеу жұмысына жабылады

25.09.2023

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Құжат парламенттің бір топ депутаты бастамасымен әзірленді.

Заң жобасында куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау көзделіп отыр.

«Яғни, автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде, ол жеке куәлігін ұсынып, полицей сол арқылы планшеттің көмегімен оның басқа құжаттарын тексере алады», — деді сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.

Депутаттың айтуынша, жүргізуші куәлігін үйде ұмытып кеткені үшін бұрынғыдай айыппұл салынбайды.

«Заң жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көліктерге қолданылмайды. Яғни олар өзімен бірге барлық қажетті құжатты алып жүруге міндетті», — деді сенатор.

Сондай-ақ, заң жобасында автобустарды тіркеуге қатысты норма көзделген.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстанда 45 950 жол апаты болған. Соның салдарынан 60 469 адам әр түрлі деңгейде жарақат алып, 6498 адам көз жұмды.

«Соңғы жылдары жол апатының саны азайғанымен, бұл өзекті мәселе болып қалып отыр оның бірнеше себебі бар. Солардың негізгісі – техникалық жағдайы талапқа сай келмейтін, ескірген көліктердің жолаушылар тасымалында қолданылуы. Мысалы, ресми мәліметтерге сәйкес бүгінгі таңда елімізде әрбір үшінші автобус (36% немесе 90 603-тің 32 959-ы) жиырма жылдан астам уақыт бойы жолаушылар тасымалдаумен айналысып келеді», — деді депутат.

Бұл көрсеткіш жол апаты санының көбейіп, азаматтардың зардап шегуіне әкелуде. Сондықтан жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңарту қажеттігі туындап отыр.

Осыған байланысты сенаторлар «Жол жүрісі туралы» заңға он жылдан аса пайдаланып келген автобустарды бастапқы тіркеуден өткізуге тыйым салатын түзету енгізуді ұсынды және бұл норманы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу көзделуде.

Сенат аталған заңды екі оқылымда қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.

 

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.