Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында қаржы нарығындағы субъектілердің жұмыс режимі туралы бірлескен бұйрық шығарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Бұйрыққа сәйкес мына нысандардың жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:
- Екінші деңгейдегі банктер, ҚР бейрезидентбанктерінің филиалдары;
- Шетел валютасымен айырбастау пункттері;
- Ипотекалық ұйымдар;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары;
- Сақтандыру брокерлері, ҚР бейрезидентсақтандыру брокерлерінің филиалдары;
- Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
- Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар;
- Төлем ұйымдары
- Коллекторлық агенттіктер