«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз хатшылығының сайт редакциясына ұсынған хабарламасына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары бойынша Атырау облысы сайлаушыларының 78,71%-і «Nur Otan» партиясына дауыс берген екен.
«Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясы қайта жаңғыру, жаңару процесін өткерді. Соның алғашқы қадамы ретінде 2020 жылы «Nur Otan» партиясы партияішілік іріктеу – праймеризін өткізді. Праймериз қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясынан Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 47 адамның партиялық тізімі жасақталды. Партиялық тізімде 30 пайыз әйелдер және 35 жасқа дейінгі 20 пайыз жастардың үлесі сақталған», делінген хабарламада.
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған Атырау облыстық мәслихатының депутаттық мандаттарын бөлу ТІЗІМІ
1. ХАЙРУЛЛИЕВ Мұса Қарашаұлы — «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау филиалының директоры
2. САРСЕМБАЕВА Айжан Махсутовна — №18 «Балдырған» балабақшасының директоры
3. МУРЗАГАЛИЕВ Бейбит Темирбекович — «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
4. ҚОРҒАН Бибінұр Бүркітқызы — Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Жастар саясаты департаментінің директоры
5. ШЕРКЕШБАЕВА Багит Кенесовна — С. Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжінің директоры
6. ДЮСУПОВА Гулзинеп Суюнгалиевна — Атырау қалалық перзентханасының директоры
7. КАНАТОВ Габиден Шораевич — «Атырау-Жарық» АҚ Қалалық электр желілерінің бастығы
8. ДЖАУМБАЕВ Каршига Елемесович — «Қара бура» ШҚ жетекшісі
9. НҰРЛАНҰЛЫ Әміржан — Театр қайраткерлері Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы
10. ШОРАЕВ Серболат Ерарыстанович — «Urker» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы
11. АБІЛКАРЕС Жеңіс Абілкаресұлы — «Светланд ойл» ЖШС директоры
12. ҚҰРМАН Нұрбол Оразбайұлы — «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры
13. АДИЕВА Альфия Даулеткалиевна — «Атырау адалдық алаңы» жобасының жетекшісі
14. КОНЫСБАЕВ Ильяс Лесович — «НефтеХимПрибор» ЖШС құрылыс компаниясының басқарушы директоры
15. АЙДАШЕВ Аманжол Багитович — Атырау облыстық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті
16. СҮЛЕЙМЕНОВ Еркин Борисович — «АМӨЗ» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары — бас инженер
17. АСЫЛБЕКОВ Азамат Бисалыұлы — «Tokyo Rope Almaty» ЖШС директоры
18. БАЙНЕКЕЕВА Алма Маратовна — «ФортеБанк» АҚ Атырау филиалы директоры