Атырау, Caspian Life. Ақтауда «ҚазАзот» зауыты жауапкершілікке тартылды.
Өндіріс орны қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін экология департаменті оған 250 мың теңге айыппұл салған. Көпшілік алпауыт зауыттың ауаны нитрозды газбен ластауына экологтар неге осыншама аз сома қарастырған деп күдікпен қарайды. Ал мамандардың айтуынша, олар әкімшілік кодекске сай жауапқа тартылыпты.
Осыған дейін экологтар «ҚазАзотқа» жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оған әлеуметтік желілерге «Түлкі құйрығы» деп аталып кеткен видеоның тарауы себеп болды. Зауыттан шыққан сары түсті түтін елді елеңдетіп қойған еді. Нәтижесінде, экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «ҚазАзот» мекемесіне әкімшілік кодекске сай, айыппұл салынды. Заң аясында өндірілген қаражат мемлекеттік бюджетке түсті дейді ведмоство басшысы.