Германияда карантин 8 немесе 10 аптаға созылуы мүмкін.
Бұл туралы канцлер Ангела Меркель мәлімдеді. Пандемия басталғаннан бері елде екі миллионға жуық жағдай расталған. Күн сайынғы өлім саны да өте жоғары деңгейде. Мысалы, сейсенбі күні 890-нан астам өлім жағдайы тіркелген.
Сонымен қатар, бір күн бұрын Германияда коронавирустың жаңа түрі анықталды. Бұл жолы ол Оңтүстік Африкадан келген. Португалиядағы статистика да көңіл көншітпейді. Кеше онда 155 адам ковидтен көз жұмған. Бұл бір жылда тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш.
Ел үкіметі бейсенбіден бастап кем дегенде бір айға созылатын карантин енгізуді жоспарлап отыр. Еуропалық вакцинация орталықтарына Еуроодақ мақұлдаған «Modern» компаниясы өндірген екінші препарат келе бастады. Жалпы, ЕО 6 зертханамен келісім-шарт жасасып, тағы бірнешеуін қарастыруда. Саясаткерлер де вакциналарды жаппай сатып алу және оны тарату ең тиімді шешім деп санайды.