Сайлау кезінде Атырау мен Маңғыстау облыстары жарықсыз қалды — CaspianLife ақпараттық порталы
Пятница, 8 декабря, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сайлау кезінде Атырау мен Маңғыстау облыстары жарықсыз қалды

11.01.2021
Жаңалықтар, Мұнай-газ, Саясат
0
Сайлау кезінде Атырау мен Маңғыстау облыстары жарықсыз қалды

«Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, электр қуатын өшіру жергілікті уақытпен 18:30-да басталған.

Оқи отырыңыз...

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

08.12.2023
Ақтау тұрғындары жер сілкінісін  сезгенін айтуда

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезгенін айтуда

07.12.2023

Атырау қаласындағы шағынаудандар мен қала маңындағы Водников, Кеңөзек, Дамбы, Балықшы, Балауса, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала елді мекендерінде жарық сөніп қалды. Сондай-ақ, Махамбет пен Индер аудандарында да электр қуатын беру тоқтаған.

«KEGOC желісінде пайда болған ақау салдарынан Атырау қаласының кейбiр ықшамаудандары уақытша жарықтан ажыратылды. Қалыпқа келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Жарық біртіндеп қосылады», — делінген хабарламада.

Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау процесіне электр энергиясын өшіру әсер еткен жоқ. Сайлау учаскелеріне алдын ала генератор орнатылған.

Атырау облысында электр желісіндегі апаттан Маңғыстауда да жарық сөніп қалды.

Маңғыстау облысының әкімдігі апаттық жағдайда электр энергиясының сөнуіне байланысты ресми ақпарат таратты.

«Атырау облысының аумағындағы «Индер», «Атырау» қосалқы станцияларында орын алған апаттық жағдай салдарынан электр энергиясы жиілігінің төмендеуіне әкеліп, соның салдарынан «КЕГОК» желісінің батыс аймағы бойынша (Атырау және Маңғыстау облыстарында) электр жүйесі тұтас істен шықты. Салдарынан Ақтау қаласындағы (1,2,3,6,8,13,24 шағын аудандар) және Түпқараған ауданындағы («Дунга», «Акшукыр», «Форт», «Баутино» қосалқы станциялары) және Мұнайлы ауданындағы («Маңғыстау», «Қызылтөбе») аудан тұрғындары жарықтан ажыратылды», — делінген әкімшілік ақпаратында.

Сағат 18.30 пен 19.45 аралығында Ақтау қаласындағы сайлау учаскелерінің ішінен екі сайлау учаскесі электр энергиясынан уақытша шектелді.

«Қазіргі уақытта «КЕGОC» АҚ Атырау облысының аумағында апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, жиілікте қайта орын алған апаттың салдарынан сағат 20.00-де Ақтау қаласындағы 1, 2, 3А, 3Б, 4 және 5 шағынаудандарында жарық қайта сөнді. Жоғарыда аталған Мұнайлы және Түпқараған аудандарындағы қосалқы станциялар электр желісіне қайта қосылу үшін «КЕГОК» АҚ рұқсат күтіп отыр. Бұл мәселе облыс әкімдігінің жіті бақылауында», — делінген хабарламада.

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.