Ақтауда екі жеңіл көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды. Жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды lada.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 8 қаңтарда болды.
«Шығыс-1» және «Шығыс-2» шағын аудандары арасында Audi B4 пен Toyota 4Runner соқтығысты. Бірінші көліктің жүргізушісі екіншіге жол бермеген.
Автокөліктердің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды.»Үш адам зардап шекті. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», — деп мәлімдеді департаменттен.
Жол апатына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды.