Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда демалыс күндері 102 операторына отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 50-ге жуық хабарлама түскен. — Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың негізгі фактілері спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану, жұбайын өзіне бағындыру, қызғану салдарынан, отбасылық қатынастағы өзге де даулы себептерден туындайды. Көбіне азаматтық некедегі немесе дәм-тұзы жараспай ажырасқан жұбайлары үйлеріне келіп, жанжал шығарады,- деп хабарлады. Мысалы, 1 қаңтар күні сағат 02:45 шамасында 102 операторына Құлманов көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 34 жастағы әйел хабарласып, 35 жастағы некедегі жолдасы ішімдік ішкен күйінде жанжал шығарып, маңдайынан жарақат салғандығын айтып, хабарлама берген. Қоңыраудан кейін, учаскелік полиция инспекторларымен азаматшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қорғау нұсқамасы шығарылып, некедегі жолдасына қатысты…

Read More

«Көгілдір отынмен жұмыс жасайтын 160 автобустың алды облыс халқына қызмет ете бастады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Жаңа автобустардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында автопарк ішінде метан газ құю бекеті салынған. Толық автоматтандырылған Оңтүстік Кореялық компрессорлар негізінде үздіксіз жұмыс жасайды. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өткен аптада жаңа автобустардың дайындығын арнайы барып көрген болатын. Облыс басшысы табиғи таза отынмен жүретін көліктердің Атырау өңіріне аса қажеттігін айта келіп, қала әкімі мен автопарк директорына халыққа қалтқысыз қызмет етуге мүмкіндік жасау керектігін баса тапсырды. Жаңартылған автобустар негізгі 6 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдай бастады. Экологиялық таза техниканың игілігін облыс орталығының тұрғындарымен қатар қала маңындағы елді…

Read More

Оралда вагоннан құлаған жұмысшы мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін «Талап» АҚ құрылыс-өндірістік базасында болды. Осында жұмысшы болып істеген 1969 жылғы ер адам биіктігі 4,5 метр вагоннан құлап кетіп, басынан жарақат алды. Жедел жәрдем сағат 10.40-та шақырылды. Марқұм жедел жәрдем келгенген дейін көз жұмды. Бұл – соңғы екі күнде өндіріс орнында болған екінші жағдай. Кеше кешкісін Теректі ауданы Подстепный ауылында «Мыңжасаров» ЖК-ның сабын цехында 1975 жылғы жұмысшы мас күйінде станокқа түсіп қалған. Оң жақ қолы білезігінен қиылып кеткен, сол жақ иығы, омыртқа-қабырғалары сынған. Қазіргі кезде ер адам қалалық көпбейінді аурухананың…

Read More

«Қызыл» аймаққа қайта оралған Атырау облысының Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастар саны 800 адамнан асты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте тағы 101 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр. Оның ішінде Атырау қаласында 9 адамнан, Теңіз кенішінде 78 жұмысшыдан коронавирус белгісі табылған. Ал Жылыой ауданында – 2, Құрманғазы ауданында 12 адам қауіпті індетке шалдыққан. «Науқастардың 12-сінде симптом бар. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты. Қазір 321 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда — 95, аудандардағы стационарларда — 39, Теңіз кенішіндегі стационарда — 811 адам ем қабылдап жатыр»…

Read More

Ақтауда әскери комиссариаттан қашып кетпек болған жігіт өз әрекетін түсіндірді. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды. Оның қашу әрекетін сол маңайда жүрген ақтаулық видеоға түсіріп, ролиу әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Видеода жас азаматтың әскери комиссариат қақпасына қарай қашып бара жатқаны және әскерге шақыру пунктінің екі қызметкері соңынан қуа жөнелгені анық көрініп тұр. «Әскерге жаңа шақырылғандар автобусқа отыратын шақта олардың бірі қашуға әрекет жасады. Кейінірек ол  сөмкесін алуға ұмытып кетуімен түсіндірді. Бұл ісі үшін кешірім сұрады. Қашпақ болғаны үшін оған жаза қолданылмайды. Себебі, ол әлі ант қабылдаған жоқ», — деді Маңғыстау облысы қорғаныс істері департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Сейтек Шамшырақов өңірлік «Лада» басылымына…

Read More

 Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова елді биыл ғарыш энергиясы тұрғысынан не күтіп тұрғанын болжады. Жұлдызнамашының айтуынша, сиыр жылы Қазақстанға оңайға соқпайды, саяси және экономикалық өзгерістер кезеңі болады.  Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды Кландар арасындағы тартыс Астрологтың айтуынша, қаңтардан бастап Қазақстан Юпитер мен Сатурн планеталарының ықпалында болады. Ал бұл екеуі – әлеуметтік ғаламшар, сол себепті заң шығарушы және атқарушы билікте өзгерістер болжанады. «Уран энергиясы биліктің орталықсызданатынын көрсетеді. Бұл дегеніміз, өкілеттіктердің бір бөлігі кезең-кезеңмен жергілікті органдарға мәжбүрлі немесе ерікті түрде беріледі. Алайда жергілікті билік мұны қалай пайдаланатынын әзірге айту қиын, өйткені билік пен кландар арасында бәсеке күшейеді, елдегі сыбайлас жемқорлықты да естен…

Read More

Атырау, Caspian Life. Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа қайта кірді. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтында жарияланған матрицаға сәйкес, коронавирустың «қызыл» аймағында Атырау облысы тұр.  Күні кеше ғана қауіпті аймақта бірде бір өңір қалмаған еді. Өткен тәулікте Атырау облысында 101 адамнан вирус табылды. «Сары» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары енді. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Айта кетсек, «қызыл» аймаққа енген облыстарда карантин қатаңдатылады. «Сары» аймақтағы өңірлерде бұған дейін енгізілген шектеу шаралары сол күйі қалып, олардың сақталуын бақылау күшейеді. Ал «жасыл» аймақ эпидемиологиялық ахуал тұрақты және шектеу шараларының жеңілдеуі мүмкін екенін білдіреді. 6 қаңтардағы жағдай…

Read More

Атырау, Caspian Life. Атырауға ат басын бұрған  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өңірдегі бірнеше бірлестіктің қызметімен танысты. Алдымен ол «Ақпараттық-талдау орталығы» коммунальдық мемлекеттік мекемесіндегі жұмыстың жай-жапсарын бажайлап, кейін дін өкілдерінің ұсыныстарына құлақ түрді. Болашақта облысқа 25 мешіт салуды көздеген имамдар, бұл игі іс – жат  ағымдардың теріс іліміне тосқауыл -деп біледі. Сондай-ақ, олар көп ауыл-ауданда рухани орынның жоқтығына қынжылыстарын білдірді. Министр  «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігіне де бас сұқты. Кейін өңірдегі белсенді жастармен жүздесіп, пікір алмасты. Ерікті жастар көмекке мұқтаж әлеуметтік осал топтың ақпараттық базасы болу керектігін алға тартты. Өйткені, кедейдің кебін киюден де тайынбайтын адамдар көп көрінеді.…

Read More

Атырау, Caspian Life.  Базардағы жұмыртқа бағасы қалтаны қағып тұр. Нақтырақ айтқанда, жаңа жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар деп танылған қант,күнбағыс майы, картоп пен жұмыртқа  қымбаттай түскен. Желтоқсан айында тауық жұмыртқасының бір данасы 30-35 теңге болса, 2021 жылдан бастап көтерме дүкендердің өзінде 48 теңгеден саудалануда. Тіпті, кейбір  азық-түлік дүкендерінде 55 теңгеге дейін барады.Жеке кәсіпкерлердің бар айтары, жеткізушілердің бағасына бар болғаны  1 теңге қосады-мыс. Осыған байланысты халық та күнделікті тұтынатын тамақтардың құны күннен-күнге артып жатқанын айтады. Жалпы статистикаға сүйенсек, қала  халқын жыл бойы  қамтуға 94 млн-нан астам жұмыртқа керек. Дегенмен, бұл қажеттіліктің орнын толтыру «Алмалықұс» фабрикасының қолынан келмейді. Аталған мекеме  халықтың 40 процентін…

Read More

Адамның дүниеге келген күнінің мінез құлқына әсер ететінін психология саласы әлдеқашан дәлелдеген. Ал мамандар зерттеулер жүргізіп түрлі тесттерді құрастырды. Ендеше өзіңізді таныңыз… 0: тұйық, жуас, білімді Сіз көп ашыла бермейміз, бірақ өте білімдісіз. Жуас мінезіңізді көп адам жасқаншақтыққа теңеп жатады. Алайда сізде де жасырынған тік мінез бар. Біліміңізді көп жерде қолданбайсыз. 1: жомарт, адамгершілігі мол Сіз тек жақсы қасиеттерге ұмтыласыз. Өзіңізге үлкен талаптар қоясыз. Еңбекқор адамсыз. Менмен емессіз. Сыңарыңызды сыйлап, жақсы көресіз. Тіпті сезіміңізді ойыншыққа айналдырып, тастап кетсе де, оны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмайсыз. 2: тартымды, шыншыл Сіз жауапкершілікке бей-жай қарайтын адам емессіз. Өзгелерге қамқорсыз. Жұмысты «таза» орындауға тырысып, мойыныңызға көп…

Read More