Автор: Сайт әкімшілігі

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында елдің ішкі жалпы өнімі екі жарым пайызға дейін кемуі мүмкін, ал екінші жарты жылдықта 4 пайызға дейін өседі. Бұл, әсіресе, биыл дағдарыстың ащы дәмін татқан еліміз үшін ақжолтай жаңалық. Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанса, халықтың тұтынушылық белсенділігі артып, шағын және орта бизнестің де тамырына қан жүгіре бастауы тиіс. Бұл ұлттық банктің болжамдары. Мұнай бағасына келсек ол бареліне 40 доллардың арғы бергі жағында болады. Бұл туралы  «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Әрине бөрікті аспанға ататын, ауыздан ақ май ағатын күннен алыс десе де, біртіндеп экономиканың тынысы кеңеюіне алғы шарттар жоқ емес. Десе де тек үмітпен емес, нақты талдаулардан түзілген есептеулерге…

Read More

Монғолияда пандемия басталғалы коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Агенттіктің хабарлауынша, қайтыс болған науқас 76 жаста. Монғолияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша, бұл елдегі коронавирустан болған алғашқы өлім. Жалпы алғанда Монғолияда ауруға шалдыққандар саны 1215 адамға жетті. Олардың 830-ы сауығып шыққан.

Read More

Атырау облысындағы 48 бөбекжай-балабақшаға 1 жастағы 1970 сәби барып жүр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Ал, Қызылқоға ауданындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Бақытжамал Жұмабаеваның айтуынша, 1 жастағы балалар 2014 жылдан бері қабылданады. Қазір мұнда 80 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 36 педагог бар. Олар 250 балаға мектепке дейінгі тәрбие береді. Ал, кезекші топқа 130 бүлдіршін келіп жүр. «Біздің балабақшаның ерекшелігі – балалардың ой-өрісін ерте жастан дамыту. Бір жастан бастап қабылданған бөбектер төрт топта тәрбиеленеді. Оларға тәжірибелі мамандар тәлім беруде. Психолог, би үйрететін жетекшісі бар», — дейді Бақытжамал Жұмабаева. Ерте жас тобының тәрбиешісі Гүлжазира Кенжебайқызының пікірінше, 1 жастағы балаларға негізінен ашық оқу сабағы…

Read More

Синоптиктер қатты аязға баяланысты республиканың бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялап отыр Қазгидромет 2020 жылдың соңғы күніне ауа-райы болжамын жариялады. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлайды. Ресми мәліметке сәйкес, қар мен ауа температурасының көтерілуіне себеп болған Атлантикалық циклонның әсері тек шығыс аймақтарда сақталады. «Қазақстанның қалған аумағындағы ауа райын Таймыр аудандарынан келетін суық антициклон анықтайды. Ол шығысқа қарай ығысып, солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасының түнде 30-35-ке дейін, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуіне әкеледі», — дейді синоптиктер. Дабылды ескерту Бүгін, 31 желтоқсанда Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Ал Павлодар мен Ақмола облыстарында 31 желтоқсан мен 1 қаңтар…

Read More

Төтенше жағдай Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болды, оның салдарынан көз жұмған төрт адамның кім екені белгілі болды  Полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыс жұмыстары кезінде кеншілер иіс тиіп қайтыс болды. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлайды. Ақтөбе облыстық әкімдігі қаза болған кеншілердің аты-жөнін жариялады. Олар:  тау-кен шебері Асхат Мадридұлы Қайқанов;  жарушы Денис Викторович Черный, 1985 жылы туған;  Рустам Бекарысұлы Шәметов, 1981 жылы туған; жүргізуші Жақыпов Б., 1983 жылы туған. Әкімдіктегілер төтенше жағдайдың қалай болғанын айтты. Қазіргі мәліметке сәйкес, шамамен, кешкі сағат 20:00-де «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС жұмысшылары шахтада 1,5 шақырым тереңдікте жарылыс жұмыстарын атқарған. Әрбір жарылыс белгілі бір…

Read More

Ұлыбританиялық Cancer Research UK мамандары өкпе қатерлі ісігінің бірнеше басты белгісін атады. Бұл туралы Daily Express хабарлайды. Дереккөз мәліметінше, қатерлі ісіктің басты белгілерінің бірі кенеттен пайда болған ісіктер немесе қолтықта, мойында ісіну болуы мүмкін. Мұндай белгілер аурудың лимфа түйіндеріне әсер еткенін білдіруі мүмкін екен. «Дәрігер сізді тексеріп, бірнеше сынақ жасамайынша, ісіктің пайда болу себебін анықтап, сенімді бола алмайсыз», — дейді мамандар. Сондай-ақ, ғалымдар өкпе қатерлі ісігінің тағы бір белгілеріне жұтудағы қиындықтар пайда болуы (дисфагия), ауырсынуы, бет немесе мойын ісінуі, кеуде немесе иықтың тұрақты ауыруын жатқызады.

Read More

Биыл желтоқсан айында туған ұл балаларға, көбінесе, Әлихан деген есім берілді. Ал қыздар арасында Медина деген есім танымал болған. Осы айда туған 2013 нәрестеге Әлихан есімі берілді. Одан кейін Айсұлтан (153 сәби), Нұрислам (146 бала), Әлинұр (117 нәресте) және Алдияр (113 бала) келеді. Ал қыздар арасында 241 сәбиді Медина есімімен атады. Екінші орында – Айша (236 сәби). Сондай-ақ, Айлин (231 бала), Асылым (211 нәресте) мен Айзере (190 сәби) кеңінен танымал болды. 2020 жылы қыздарға жиі қойылған 20 есім: 1. Медина 2. Айша 3. Айлин 4. Асылым 5. Айзере 6. Раяна 7. Аяла 8. Айым 9. Айару 10. Әмина 11. Томирис…

Read More

«Атырауда Тутұғыр монументі ашылып, салтанатты шараға аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Бүгін міне, қаламызға әр беретін айшықты нысандар қатары айбынды алаңмен толықты. Көк байрағымыз көкпен ұштасты. Өз дәуірінде даңқты бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, бағаналы орда құрған. Сондықтан да ту біз үшін — қанымызда қайнаған намыс, руһты көтеретін құдірет. Атамекеніміздің төріне алып ту тігу — біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Қаламыздың көркін ашқан байрағымыз өңіріміздің айбынын асқақтата түсеріне сенемін»,- деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов. Тутұғырдың биіктігі 91 метр. Бұл жалауды үнемі көрініп тұруы үшін қолмен немесе электр жетегімен көтеретін көп қырлы болаттан жасалған…

Read More

«Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Мешіт имамдары өткізген жеке кездесулер, дәрістер нәтижесінде жат ағым жетегінде жүрген 40 адам дәстүрлі ​ мәзһабқа оралды. ​ Бүгінгі таңда 17​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ адам ханафи мазхабына бейімделуде. Жыл ішінде, 93 жалпы профилактикалық​ іс-шара өтіп, 5021 адам қамтылды. Жат ағымның алдын алу мақсатында ​ 9000 ​ кітап таратылды» деді ​ Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы. Айта кету керек, облыста діни кадр даярлау нақты жолға қойылған. Биыл атыраулық​ 33 шәкірт діни оқу орындарына түсті. 2019 — 2020 жылы ​ Нұр-Мүбарак египет…

Read More

«Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында биыл 18 мұқтаж отбасына баспана берілді. Мешіттердің ұйытқы болуымен берілген баспаналар негізінен көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы. Бұдан бөлек, «Мектепке жол» акциясы аясында 185 отбасы балаларына оқу құралдары, қырық телефон табыс етілді. «Ал, пандемияға байланысты онлайн форматта өткен        Құрбан айт кезінде   4116 отбасына 43 тонна ет таратылды.   Облыс бойынша  6000 балаға Құрбан айт сыйлығы үлестірілді. Жалпы, Құрбан айттан бөлек,…

Read More