Өңірде сайлауалды үгіт-насихат-жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыстық мәслихатқа үміткерлер №7 қалалық емхананың қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы, ондағы медицина саласында болатын оң өзгерістер туралы айтылды. Атап айтсақ, келер жылдан бастап ақ халаттылардың жалақысы жоғарылайтын болады. Сонымен қатар, облыста 10 медициналық нысан салынып, 800 түрлі медициналық құрал-жабдықтар берілетінін мәлімдеді.
Кездесуге жиналған ақ халаттылардың арасында жеке мәселесінің сауалын жолдағандар да болды. Мәселен, көпбалалы емхана қызметкері — жоғары оқу орнында оқитын қызына әлеуметтік санатына байланысты, қандай да бір жеңілдік берілсе екен тілегін жеткізді. Партия кандидаттары бұл сауалды жауапсыз қалдырмай, басшылыққа жеткізетінін айтты.
Сондай-ақ, олар ақ халаттыларды сайлаудан қалыс қалмай, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.