Автор: Сайт әкімшілігі

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер дәрігерлерімен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарламада медицина саласына баса назар аударылғаны айтылды. Партиялықтар алдағы уақытта тәжірбие алмасу үшін 25 медицина қызметкерін  шетелге жіберуді жөн көріп отыр. Бірақ  олар тек жоғары дәрежелі дәрігерлерді ғана емес , мейірбикелердің де шеберліктерін шыңдауға ниетті екендерін жеткізді. Балзия ТАСЫМОВА, Атырау облыстық ауруханасы нейроинсульт орталығының аға мейірбикесі «Nur Otan» партиясымен кездесу өтті. Медицина саласына қатысты сұрақтарымызды қойдық. Жауаптарымызды алдық. Енді сайлауға қатысамыз, дауыс береміз. Жиында облыстық аурухана қызметкерлері маман жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Партия мүшелері қойылған сауалдардың бәрі ескерілетінін айтып, ұсынысты жоғары жаққа жеткізуге уәде етті. Сондай-ақ, бағдарлама облысқа 10 медициналық мекеме салу мен…

Read More

Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 10 адам қаза тауып, тағы 52-сі жарақат алған. Бұл туралы TOLOnews агенттігі хабарлады. Жарылыс Кабулдағы алаңда болған. Алдын ала болжам бойынша террористер автокөлікпен келе жатқан парламент мүшесін өлтіруді көздеген. Қатты жарылыс әсерінен сол маңдағы автокөліктер мен үйлер қираған. Әзірге аталған өңірдегі лаңкестік ұйымдардың ешқайсысы бұл жарылысты мойнына алған жоқ.

Read More

АҚШ Әділет министрлігі түзетулеріне сәйкес, өлім жазасы енді инъекция арқылы ғана жүзеге асырылмайды. The Hill басылымның хабарлауынша , қазір федералды деңгейде сотталған қылмыскерлер өлім инъекциясы арқылы ғана емес, газ камерасында, электрлік орындықта, тіпті ату арқылы да өлім жазасына кесілуі мүмкін. Билік көбінесе фармкомпаниялардың үкіметке дәрі-дәрмек беруден бас тарту жағдайларымен кезігеді, осыған байланысты бірқатар штаттар балама әдістерін қолданады. Осындай сәтсіз жағдай алты жыл бұрын Оклахома штатында болған, АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама Әділет министрлігіне өлім жазасы мен өлімге әкелетін инъекциялық есірткіге қатысты адам құқықтарына кең көлемде талдау жүргізуді тапсырған.

Read More

 Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен. Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары ауруханаға жеткізген. Жақындарының айтуынша, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше қайтыс болғанын хабарлайды. Бірақ аурухана қызметкері Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін айтады, ал олар ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген. Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқайды. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады. Питердің айтуынша, туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.

Read More

Орта салмақтағы IBFжәне IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы – қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) 2021 жылы жекпе-жекке шығатын екі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. Бұл жайлы The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер мәлім еткен. Еске сала кетсек, Геннадий 19 желтоқсан күні таңертең поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-1, 5 КО) айқасып, жетінші раундта жеңіске жеткен болатын. «Егер «Канело» болмаса, GGG-дің келесі қарсыласы кім болмақ? Ең ықтимал нұсқа – мексикалық Хайме Мунгия. Дереккөздерге сүйенсек, кездесу көктемге жоспарланып отыр. Енді біреуі: супер жұлдыз болып саналатын олимпиада чемпионы Риота Муратамен Токиода айқасу. GGG осы екі жекпе-жектің фавориті болмақ және бұл оны…

Read More

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, қылмыстық процесс онлайн форматта өтті. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарады. Сотталушы Мохамед Баракат адвокатпен бірге тергеу изоляторының ғимаратынан Zoom бағдарламасы арқылы сот отырысына қатысты. Сондай-ақ, отырысқа аудармашы және жәбірленуші тараптың өкілдері қатысты. Бұдан басқа, бұл отырысқа Баракаттың әпкелері қатысты. Еске салайық, 2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен ұлыбританиялық…

Read More

Маңғыстау облысында екі бала құдыққа құлап, батып кеткен. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды. Телеарна мәліметінше, оқиға 21 желтоқсанда Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында жеке үйлердің бірінде болған. 6 және 11 жастағы екі бала қайғылы оқиға құрбаны болған. Балалар тереңдігі екі метр су құдығына құлап кеткен. Су деңгейі 1,8 метр болғаны хабарланып отыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Read More

2020 жылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 266,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 68,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 2020 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,1 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 7,1 млрд теңге бағытталды. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 509,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 159,2 мың адамды құрайды. Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің…

Read More

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңды және жеке тұлғалар тобына қатысты аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарудың екі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Бірінші жағдайда «СпецКомунСтрой KZ» ЖШС 2014-2018 жылдар аралығында серіктестіктің шығыс бөлігін жабу үшін жалған жеткізушілерден — «Ринат Актау» ЖШС, «Бори Актау» ЖШС жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жеткізбей шот-фактураларды алған. Бұл ретте, Маңғыстау облысының МАЭС шешімімен аталған кәсіпорындар арасындағы мәмілелер заңсыз деп танылды. Құжаттық салық тексерісінің актісіне сәйкес «СпецКомунСтрой KZ» ЖШС жалтарған сома 163 млн. теңгеден асты. Мұнайлы аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы ҚР…

Read More

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, оңалту орталықтарын салу сынды өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың азаматтармен онлайн кездесуінде айтылды. Платформа арқылы байланысқа зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындар қатысып, үміткерлерге сауалдарын қойды. Қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға кандидат та тұщымды жауап қайтарды.  Алма БАЙНЕКЕЕВА, «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихатқа кандидат Ол үшін қайта жасақтау бағдарламалары жасалды, яғни сіз үшін ешкім несиені тоқтата салмайды. Дегенмен өзіңіздің жалақысыз жүргеніңізді растай отырып, банкке хабарласа аласыз. Қызмет көрсетушіге өтініш жазып, несиеңізді кейінге қалдыруыңызға болады. Онлайн кездесуде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін қолдау бағдарламада көрсетілгені айтылды. Оған қоса, мүгедек жандарды жұмыспен…

Read More