Автор: Сайт әкімшілігі

Атырау облысында екі жасар бала монета жұтып қойған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Оқыс оқиға Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында болған. Анасы екі жасар баласын тамақтандырғысы келген. Бірақ, кішкентай балақай тамақтан бас тартып, құса бастаған. «Әйел баласының тыныс алуы қиындағанын айтып шағымданды. Біз келген кезде нәресте жөтеле бастады. Бұл – монета секілді нәрсені жұтудың белгісі. Сол себептен біз балақайды шайқай бастадық. Балақайды үшінші рет шайқағанда ғана аузынан монета түсті. Ол ресейлік 10 рубль монетаны жұтқан екен», — деді жедел жәрдем бригадасының фельдшері Айнұр Зайнекешова. ​Алайда 2 жасар балақайдың анасы үйіне 10 рубль монетаның кім әкелгенін есіне түсіре алмаған.

Read More

Ұлттық банк 21 желтоқсандағы доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын атады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Дүйсенбіде доллар бағамы 417,42 теңге болады. Ал 16-20 желтоқсан аралығында доллар бағамы 420,01 теңге болған еді. Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық доллардың орташа бағамы 2,60 теңгеге арзандап, 417,42 теңге болды. Еске салайық, таңертең доллар бағамы 418 теңгеден төмендеді.

Read More

Алты жасар блогер табысы көптердің тізімінде жетінші орынға жайғасқан. Ресейлік Анастасия Радзинская 2020 жылы ең көп табыс тапқан YouTube жұлдыздарының ондығына кірді. Бұл туралы nur.kz хабарлайды. Алты жасар блогер табысы көптердің тізімінде жетінші орынға жайғасқан. Басылымның есептеуінше, бір жыл ішінде Анастасия 18,5 млн доллар табыс тапқан. «Роликтері түрлі-түсті, сөздері мәнерлі және күрделі тілді қамтымайды. Бұл оны бүкіл әлемдегі балалар аудиториясы үшін өте қолайлы етеді», — деп жазады Forbes журналы. You Tube-тегі Like Nastya арнасына жалпы алғанда 190,6 миллион адам жазылған. Ал қаралымдар саны 39 миллиардтан асып түскен. Одан бөлек, Анастасияның TikTok-тегі парақшасында үш миллионнан астам жазылушы бар. Анастасия роликтерінде күнделікті…

Read More

«Нұр Отан» партиясының өкілдері жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуды жалғастырып жатыр. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер бұл жолы Ақжар селосына атбасын бұрды. Ауыл тұрғындары әп дегеннен дәріхананың жоқтығынан зардап шегіп отырғанын жеткізді. Олар пандемия қаһарына мінген тұста дәрі іздеп қалаға дейін сабылғанын ашына айтты. Әсіресе, көпбалалы және жалғызбасты аналар партия мүшелері алдында базынасын айтудан бас тартпады.  Партия өкілдері халықты сайлауалды бағдарламасымен толықтай таныстырды. Онда Ақжар елдімекеніне спорт алаңдары мен балабақшалар салынатыны қарастырылған. Досжан БОЛАТБЕКҰЛЫ, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Өте ауқымды өтті. Ризашылықтарын білдіріп жатыр. Жаңа қоныстану жерлерінде жарықтандыру мәселелері мен балалар ойын алаңдарын салу секілді ұсыныстарын көріп жатырмыз. Әрине, осындай…

Read More

Қазақстанда 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды. Білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, келесі шешімдер қабылданды. Соның ішінде мектеп бітіруші сыныптарға арналған мынандай тармақтар бар: — оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылсын; — оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын; Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі…

Read More

Қазақстанда 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Осыған байланысты Ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады: — 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салынады. — Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін «Теңіз» кен орнында шектеу шаралары күшейтіледі. — Бөлшек сауда желісінде антиковидті дәрілік заттардың бағасын орта есеппен 24%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау. Сонымен қатар білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып,…

Read More

Ата заңымызда адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ, соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасын белгілеу қарастырылған. Конституциялық кеңес президентінің өтініші бойынша өлім жазасын қолдану мәселелерін реттейтін Конституция ережелеріне түсініктеме берді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан  хабарлайды. Айта кетейік, қыркүйектің соңында Қазақстан өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттамаға қосылған болатын. Оны парламент арқылы ратификациялау қажет. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық кеңеске өтініш жасап, Конституция мен факультативтік хаттаманың ең ауыр жазаны қолдану мәселелерін реттейтін нормаларының арақатынасын зерделеп шығуды сұрады. «Конституциялық кеңес факультативтік хаттаманы ратификациялау үшін негізгі Заңға…

Read More

Қыркүйек айында Жаңаөзендегі көшелердің бірінен жаңа туған нәресте табылған еді. Кішкентай сәбиді көптен бері сәби сүйе алмай жүрген ерлі-зайыпты асырап алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Маңғыстау мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханованың айтуынша, бұл отбасының да, баланың тағдырын шешкен кездесу болды. «Ерлі-зайыптылар сәбиді бірінші рет көруге келгенде біз көз жасымызға ерік бердік. Олар ұзақ уақыт жылдан бері балалы бола алмай жүрген екен. Тастанды баланың оқиғасы туралы жаңалықтардан естіп, біліп оған қамқор болғысы келген», — деді Сара Ермұханова.

Read More

19 желтоқсан күні таңертең «Индер-Атырау» трассасында жол апаты тіркеліп,  екі адам ажал құшты. «Приора Универсал» маркалі жеңіл автокөлік жылдамдықпен келе жатып, аударылған. Оқиға салдарынан, Индер ауданы Ынтымақ ауылының тумалары – ағайынды 32 жастағы жүргізуші,38 жастағы әпкесі оқиға орнында қайтыс болған. Көлікте олардан басқа төрт бала болған, олар аман қалды.  Оқиға болатын күні таңертең Ақтау қаласында тұратын әпкесін балаларымен пойызға шығарып салуға бара жатқан. ЖКО байланысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүруде.

Read More

Облыста саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасуда.  Соған сәйкес, бүгін «Nur Otan» партиясы Атырау қалалық филиалында облыстық мәслихатқа үміткерлер көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен кездесуде  күн көріс деңгейіне байланысты мемлекет тарапынан көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесуді, жеке тұрғын үй салу үшін қолдау көрсетуді, баспанамен қамту мәселесіне қатысты қол ұшын созуды өтінген және материалдық көмек сұрай келген көпбалалы, жалғызбасты аналар болды. Жиында көтерілген өзекті мәселелелердің бірі – әйел адамның зейнеткерлікке шығу жасының ұлғаюында. Аналар осы мәселені қайта қарастырып, басшылыққа жеткізуін өтінді. Дамбы ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Өтеғалиева Света көпбалалы аналарға қаржылай ғана емес, оларды жұмыс орындарымен…

Read More