Қыркүйек айында Жаңаөзендегі көшелердің бірінен жаңа туған нәресте табылған еді. Кішкентай сәбиді көптен бері сәби сүйе алмай жүрген ерлі-зайыпты асырап алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Маңғыстау мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханованың айтуынша, бұл отбасының да, баланың тағдырын шешкен кездесу болды.
«Ерлі-зайыптылар сәбиді бірінші рет көруге келгенде біз көз жасымызға ерік бердік. Олар ұзақ уақыт жылдан бері балалы бола алмай жүрген екен. Тастанды баланың оқиғасы туралы жаңалықтардан естіп, біліп оған қамқор болғысы келген», — деді Сара Ермұханова.