Чернобыль атом электр станциясындағы апат – өткен ғасырдың ұмытылмас оқиғасы. Оның зардабын жоюға мыңдаған қазақстандық та қатысты. Осыған орай, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің бұйрығымен бір топ атыраулық азамат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оны облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов тапсырды. Марапатталғандар қатарында апат кезінде жанқиярлық қимыл көрсеткен Рысбай Ахметов, Петр Бакиров, Мақсұт Бекбергенов, Серік Мырзағалиев, Қапизолла Мусин, Серік Сүлейменов, Хасан Қараманов бар. Сондай-ақ, көпшілікке Чернобыль апатын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштің жобалық сұлбасы таныстырылды.
Автор: Сайт әкімшілігі
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шағын және орта бизнес кәсіпкерліктері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл туралы Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген мәлім етті, – деп хабарлайды МаңғыстауМедиа. Оның айтуынша, кәсіпкерлерге өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге 20 млн теңгеге дейін микронесие беріледі. Мұқанбетжан КӨБЕГЕН, Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Атап айтар болсақ, инвестициялық мақсаттар үшін 3 жылға 20 млн, айналым қаражатын алу үшін 2 жылға 5 млн теңгені құрайды. Жалпы, «Даму» қорының тарапынан берілетін кепілдік – 85 %, қалған 15%-ы екінші деңгейлі банк арқылы өтеледі.…
Атырау облысындағы тергеу изоляторында отырған сотталғандар Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысына қатысты. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. 28 қазан күні Атырау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай шығармашылық байқау өтті. Тергеу изоляторының шаруашылық қызметіне қалдырылған 11 сотталған қатысқан шараға мекеме қызметкерлерінен бөлек, «Шапағат» қоғамдық қорының өкілдері төрелік етті. Эльвира САУҒАБАЕВА, УГ-157/1 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының аға инспекторы Ұлы Абайдың өлеңдері арқылы сотталған азаматтардың бойына көптеген жақсы қасиеттерді сіңіріп, олардың тезірек түзелуіне жол ашамыз. Өйткені Абайдың әр өлеңі адам бойындағы игі қасиеттерді дәріптейді. Екі бөлімнен тұрған шараның…
Пандемия қытығына тиіп, кәсібінен береке кеткендердің бірі – атыраулық Бауыржан Көбеев. Карантин салдарынан салығын уақытында төлей алмағандықтан дүние-мүлкіне шектеу қойылып, зардабын әлі күнге дейін тартып келеді. Қызығы, кәсіпкер қарызын екі апта бұрын өтеп, шектеудің жойылғаны жөнінде анықтама алған. Алайда электронды жүйеге ешқандай өзгеріс енгізілмепті. Соның кесірінен жеке мүлкін сата алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Бауыржан КӨБЕЕВ, кәсіпкер Салық департаменті тек өздері қойған шектеуді алып тастай алатынын айтты. Әділет департаментіне барғанда да сол әңгіме. Енді сол қағазбен салық органына қайтып келдім, олар маған базаның жұмыс жасамай тұрғаның айтпады. Мен барлық қажет органдарга қоңырау шалсам да, бәрі күту керектігін айтады. Ал қанша күтетінім…
Маңғыстауда 29 қазандағы жағдайға сәйкес I–II деңгейлі инфекциялық стационарларда 69 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 69 науқастың ішінде жетеуінің коронавирусқа тапсырған сынамасы ауру екенін көрсеткен. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 8 науқас жатыр. Оның 6-ның жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Біреуі тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулары себеп болып отыр. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 33 пайызға жетті. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І–ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны – 43. Анықтамасыз шетелден келген ҚР азаматтары мен…
Жедел-жәрдем көліктерін дезинфекциялау жұмыстары жеделдетілді. Бұрын санитария талаптарын орындау үшін әр шақыртудан кейін стансаға бару қажет болатын. Ендігіде көліктер науқасты апарған емханада залалсыздандырылады. Осылайша, ақхалаттылардың уақыты едәуір үнемделмек. Бауыржан ТӨЛЕГЕН, облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Автокөліктердің өз уақытында дезинфекциялау қиынға соққан еді. Қазір дезинфекциялау жұмыстары ауруханаларда жүргізіледі. Себебі, біз бұған дейінгі автокөліктерді дезинфекциялағанда 30-40 минут жоғалтатын едік. Ал қазір бар болғаны 7–10 минут жұмсаймыз. Расында да шұғыл көмек көрсететін жандардың уақыты шектеулі. Оларды алаңдатқан тағы бір жайт көп ұзамай шешімін таппақ. Алдағы уақытта жедел-жәрдем қызметкерлері үшін орталықтандырылған жаңа ғимарат салынады. Қазіргі нысан ескі, аумағы тар, әрі қойылған талаптарға сәйкес келмейтін көрінеді.…
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды. Гүлмира Мұратқызы 1969 жылы туған. «Тарих, қоғам тану және мемлекеттік пәнінің мұғалімі» және «заңгер, мемлекеттік қызмет саласының маманы» мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1995–1998 жылдары Жаңаөзен қалалық әкімшілігінде бас маман-заңгер болды. 1998–2003 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2003–2007 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007–2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, кейін Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2017–2019…
Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы салынған екпеден кейін 60-қа жуық адам көз жұмған. Үкімет соған қарамастан иммунизацияны тоқтатпау туралы шешім қабылдаған. Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның себеп болғанын жоққа шығарып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болғандардың дені егде жастағы адамдар көрінеді. Министр халықты вакцинадан қорықпауға шақырып, өзі де екпе қабылдапты. Тегін вакцинация жыл соңына дейін жалғаспақ. Оңтүстік Кореядағы 19 миллион халықтың 56 проценті екпе жасатқан. Ал Тэгу қаласының алдын алу шаралары жөніндегі басқарма басшысы Мин Пок Ки тұмауға қарсы вакцинаны тек денсаулығы жақсы адамдарға ғана алуды ұсынды.
Биылғы тоғыз айда жергілікті қазынаға түскен салық көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға, нақтырақ айтсақ, 45 млрд. теңгеге артқан. Жалпы, 2020 жылға берілген жоспар да пандемия кезінде ШОБ субьектілеріне берілген жеңілдіктерге қарамастан артығымен орындалды. Ол – 280 млрд. теңге. Мамандар бұған облыста жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ, құрылыс саласының қарқын алуы себеп санайды.
Пандемия білім сапасына кері әсерін тигізуде. Ата-аналар осылай деп дабыл қағып жатыр. Әсіресе, қашықтан оқып жатқандардың жағдайы мәз емес. Оған себеп те жетерлік. Ауылдардағы интернет желісінің баяулығы мен техника жетіспеушілігі жығылғанға жұдырық болып тұр. Жергілікті органдардың бұл мәселені реттейміз деп жүргеніне жарты жылдан астам уақыт өтті. Алайда мына қарқынмен ол күнге қашан жетеріміз белгісіз. Дәл қазір мұғалімдерге де оңай соқпай тұрғаны рас. Тапсырманы арнайы платформа арқылы орындатып, бейнебайланыстан көз ашпай кеткен ұстаздардың жұмысы бұрынғыдан да күрделене түсті. Өңірдегі қашықтан оқыту жүйесінде «Білім лэнд» пен «Дарын онлайн» платформалары қоланылуда. Облыстың бас ұстазының сөзінше, оқу жоспары оқушылармен келісе отырып жүзеге асырылады. Сатқан…
