Нигериядағы «Боко Харам» террорлық ұйымы оқушыларды өздері ұрлағанын мойындады. Олар бұл әрекетін батыстық білім беру жүйесіне қарсылық ретінде жасағанын айтады.
Олар осыған дейін де, яғни 6 жыл бұрын басқа штатта орналасқан мектепке шабуыл жасап, екі жүздің үстінде қыз баланы өңгеріп кеткен еді. Зерттеушілер терроршылардың төбе көрсететін аумағы үлкейіп келе жатқанын айтып, дабыл қағуда.
Қазір 3 күн бұрын ұрланған балаларды қайтару мақсатында жергілікті билік келіссөздер жүргізіп жатыр. Оқушылардың ең кішкентайы – 10 жасар бала.