Атырауда тағы бір білім ордасынан инклюзия сыныбы ашылды.
Б.Нысанбаев атындағы орта мектептегі су жаңа класстың тұсауын оқушылар өздері кесті. Ерекше балаларға арналған кабинет 4 бөлімнен тұрады: оқыту, психомоториялық жаттығулар жасайтын, сондай-ақ, демалыс және оқушылар бой сергітетін бұрыштар.
Айгүл СИДАҒАЛИЕВА, қалалық білім бөлімінің маманы
Бұл жердегі кабинеттің ерекшелігі — үйден оқитын балаларды мектеп ортасына тарту. Өздерінің сыныптарына барып келгеннен кейін, осы кабинеттің кестесіне сай, сенсорлық-моторикалық бағытта жұмыстарын жасайды. Және тағы бір ерекшілігі — әр ерекше баламызды қасында педагог-ассистент жүреді.
Бүгінде сыныпта екі ауысым бойынша бастауыш сыныптардағы 12 бала тәлім алады. Солардың бірі – Әлихан. Инклюзия классына келгелі одан оң өзгерістер байқала бастапты. Құрастыруды жақсы көретін ерекше баланың анасы ерекше қуанулы.
Айсұлу ЕСҚАЛИЕВА, ерекше баланың анасы
Ерекше балаларға арнап, осы орталықты ашып жатқанына көп рахметімізді айтамыз. Осында келгелі әріптерді дұрыс танымайтын болды, қазір жайлап үйреніп, жақсы болып келе жатыр. Енді қазір санай бастады, оқи бастады, өзі киініп шешіне алатын болды. Бұрын кішкене қиналатын еді. Бұрын 30 баланың арасында оқу қиын болды. Қазір енді жеке-жеке маманмен.
Оқу ошағы балаларға білім беріп қана қоймай, оларды дамытатын дефектолог, логопед, педагог-ассистент, тьюторлармен толықтай қамтамасыз етілген. Мамандардың бәрі де елордадағы «Болашақ» қорының курстарынан өткен.