Бүгін «Nur Otan» партиясынан Атырау облыстық және қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар денсаулық саласының қызметкерлерімен кездесті.
Мәслихат үміткерлері пандемияға қарсы қалай күрес жүргізу керек екенін талқылады. Індетпен күресте медицина мамандарына артылған жауапкершілікке тоқталып өтті. Ақхалаттылар үшін азаматтардың өмірі бірінші орында тұру керектігін де тілге тиек етті.
Пандемияның нағыз өршіген уақытында дәрігерлердің қандай еңбек атқарғаны қоғамға мәлім. Осы орайда, мәслихат депуттары олардың індет кезінде атқарған абыройлы қызметтеріне жоғары баға берді.
Ал кездесудің кезекті бөлімі партия филиалының облыс және қала бойынша өз алдына жасақтаған сайлауалды бағдарламасымен жалғасты.
Үгіт жұмыстарына бағытталған кездесудің қорытындысында денсаусық сақтау саласының мамандарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және дұрыс таңдау жасауға шақырды.