Ерекше балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларға жаңа жылдық сыйлық тарту етілді. С.Өтебаев атындағы АтМГУ-де «Жаңа жылға дейінгі 100 игі іс» жобасының аясында жоспарланған шаралар тізбегі осылай жалғасты. Еске салсақ,бұған дейін университеттің басқарма төрағасы — ректорының бастамасымен қалада ағаш отырғызылып, сенбіліктер мен студенттерге арналған қаржылық сауаттылық және робототехникалық тренингтер ұйымдастырылған еді. Қанат ОРАЗАЛИЕВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер проректоры АтМГУ-мен «Ақниет» қоры және Атырау өңіріндегі клуб «Добриков» осы шараны ұйымдастырып отыр. Көпбалалы отбасыларға соның ішінде ерекше балалары бар отбасыларға осындай азық-түлік тағамы жиналған болатын. Қазіргі таңда университетіміздің «Ақниет» қоры 0-5-жасқа дейінгі сәбилер үйіне де сыйлықтар алуды ұйымдастыруда. Ұйымдастырушылардың…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысында өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Жылыой-10, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 229 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 49 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 6, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 229 адам ем қабылдауда.
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 30 жұмысшы коронавирус инфекциясына шалдықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше Атырау облысында 58 адамнан қауіпті індеттің табылғаны ПТР арқылы расталған. «Коронавирус инфекциясына Атырау қаласынан 13, сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшы шалдықты, Ал, Жылыой ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 5 адамда Сovid-19 белгісі анықталды. Науқастардың сегізінде инфекция симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, кеше коронавирус инфекциясынан 9 адам емделіп шықты», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен. Өңірде 229 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық инфекциялық стационарда 49, аудандардағы инфекциялық стационарда 6, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарында 229 пациент ем қабылдауда.
Маңғыстауда жүк вагонында газ баллоны жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 5 науқас қазір Бейнеу аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсия Шонтыбаеваның мәліметінше, қазір 2 науқастың жағдайы аса ауыр халде. «Асылбек Махамбетов — 1978 жылы туған. Қазпошта жолсерігі. Науқастың жағдайы аса ауыр. Денесінің 80%-ын күйік шалған. Беті мен аяқ-қолы күйген. Екінші науқас Қайрат Мақсатұлы 2009 жылы туған. ІІ дәрежелі, денесінің 60 пайызын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр», — деді ол. Тағы бір науқастың жағдайы орташа ауыр халде. Үсен Әлібаев 1985 жылы туған. Қазпошта жолсерігі. Денесінің 29-30 пайызын күйік шалған. Рысбек…
Маңғыстау облысында «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Төтенше жағдай 14 желтоқсанда сағат 04.30-да болған. «Осы уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданындағы № 464 айырығында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ 30 маманы мен 7 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілді», — делінген хабарлама. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша шамамен 1,8 миллиард адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Дереккөз мәліметінше, әлемдегі әрбір төртінші медициналық мекеме сумен қамтылмаған, ал әрбір үшінші медициналық мекемеде қажет қол гигиенасы сақталмаған. «Су, санитария және гигиена медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды, бірақ бұл қызметтерге басымдық беріле бермейді», — делінген хабарламада. ДДҰ бас директоры Тедрос Адан Гебрейесустың айтуынша, мекемелерде гигиена сақталмауы медициналық қызметкерлердің қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуімен тең. Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 70 миллионнан асты. . Олардың 1,5 миллионнан астамы қайтыс болған. 45 миллионнан аса адам аурудан жазылған.
Қазақстан бұрынғы КСРО және Еуропа елдерінің ішінде тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады. Ал Люксембург бұл тізімде ең соңғы болып тұр. Бұл туралы РИА Новости зерттеуінде жазылған. Сарапшылардың мәліметінше, Еуропа елдерінің көбінде отбасылық бюджеттің негізгі шығындарының бірі азық-түлікке жұмсалады. Шығын көлемі өмір сүру жағдайына қарай әр елде әртүрлі. Тамақ үшін ең аз ақша бөлетін Люксембург тұрғындары болып шықты. Олар тамақ үшін шығындарының 8,4 пайызын ғана жұмсайды екен. Содан кейін 10,6 пайызбен Нидерланды және Ұлыбритания тұр. Сондай-ақ Ирландия, Германия, Финляндия, Аустрия және Норвегия тұрғындары отбасылық шығынның 12 пайызын тамаққа жұмсайды. Сарапшылар аз ақша бөлетін елдердің көшін Батыс Еуропаның экономикасы дамыған мемлекеттері…
Денсаулық сақтау министрлігі 14 желтоқсанда коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы науқастардың арасында 240 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса ауыр. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, кеше Қазақстанда 802 адам коронавирустан жазылды. Елімізде 126 182 науқас аталмыш індеттен айықты.
Мемлекеттік қызметтер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, в едомствоаралық комиссияның отырысында цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Цифрлық құжаттар» жобасын іске асыру бойынша міндеттер, қызметтерді үздіксіз ұсыну мүмкіндіктері және басқа да мәселелер қаралды. ҚР ЦДИАӨМ құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажеттігін болдырмайтын «Цифрлық құжаттар» сервисін іске асырды. Қазіргі уақытта сервисте мынандай 9 құжат ұсынылған: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, некені тіркеу немесе бұзу туралы, баланың тууы туралы және атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктер, жүргізуші куәлігі, білімі туралы диплом, студенттік билет, ПТР-тест нәтижесі. Ағымдағы кезеңде бұл құжаттарды заңды түрде…
Ұлттық банк доллардың 12-14 желтоқсандағы ресми бағамын жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Ұлттық банктің мәліметінше, алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде доллардың ресми бағамы 419,09 теңге болады. KASE биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 1 доллардың орташа бағамы — 419,06 теңге. Бір тәулік ішінде америкалық валюта 1,12 теңгеге арзандады. До
