Маңғыстау облысында «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Төтенше жағдай 14 желтоқсанда сағат 04.30-да болған.
«Осы уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданындағы № 464 айырығында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ 30 маманы мен 7 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілді», — делінген хабарлама.
Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.