Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, оңалту орталықтарын салу сынды өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың азаматтармен онлайн кездесуінде айтылды. Платформа арқылы байланысқа зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі тұрғындар қатысып, үміткерлерге сауалдарын қойды. Қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға кандидат та тұщымды жауап қайтарды.
Алма БАЙНЕКЕЕВА, «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихатқа кандидат
Ол үшін қайта жасақтау бағдарламалары жасалды, яғни сіз үшін ешкім несиені тоқтата салмайды. Дегенмен өзіңіздің жалақысыз жүргеніңізді растай отырып, банкке хабарласа аласыз. Қызмет көрсетушіге өтініш жазып, несиеңізді кейінге қалдыруыңызға болады.
Онлайн кездесуде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін қолдау бағдарламада көрсетілгені айтылды. Оған қоса, мүгедек жандарды жұмыспен қамту және оларға берілетін жабдықтардың сапасы туралы да сөз қозғалды.
Айман ӨТЕГЕНОВА, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат
Бүгінгі Атырау облысының азаматтарымен, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен және зейнеткерлермен кездесу болды. Әрине, бұл бағдарлама — «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы. Мақсат: Атырау облысы бойынша 20-25 жылдары осы мүгедектерге арналған оңалту орталықтарының салу және оның ішінде жұмыстарының сапасын көтеру, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын көтеру. Халықтан түскен түрлі-түрлі сұрақтар болды.
7 негізгі бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар легі көп-ақ. Соған сәйкес, кандидаттар да жүйенің жаңашылдығына дайын болып, халық үшін еңбектенетіндерін жеткізді. Осы орайда үміткерлер әр дауыстың маңызды екенін айтып, сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.