Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында InterContinental қонақүйінде өзінің бір жарым жасар қызын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Ұлыбританияның 42 жастағы азаматы Баракат Мохамед қонақүйде қызын өлтіргені үшін айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, қылмыстық процесс онлайн форматта өтті.
Бұдан басқа, бұл отырысқа Баракаттың әпкелері қатысты.
Еске салайық, 2019 жылдың қазанында Алматыдағы InterContinental қонақүйінде бала өлімі туралы хабарланған еді. Баланы өлтірді деген күдікпен ұлыбританиялық Мохамед Баракат ұсталған болатын.