Туған күнін катерде тойлаған жігіттің достары масаң күйге түскен соң, қызық үшін оны суға лақтырған.
Ұлыбритания азаматы Саймон Холдер достарының сәтсіз әзілінен көз жұмды. Бұл туралы Daily Star хабарлады.
Ер адам туған күнін катерде тойлаған. Масаң күйге түскен құрдастары қызық үшін оны суға лақтырған. Саймон судан сүңгіп шығып, катерге мінуге тырысып жатқанда, оның аяғын айналып тұрған винт іліп кетеді. Оны құтқару үшін катерді тоқтатуға тура келген.
Ауыр жарақат алған Холдер шұғыл ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады. Жарақат салдарынан көп қан кеткендіктен, ол көз жұмды.